ШҚО экономикалық сотында азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы А.Қ.Рамазановтың бастамасымен ұйымдастырылған  дөңгелек үстелге:  судьялар, ШҚО сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Т.Каримов, Прокурордың көмекшісі А.О.Корабаев, ШҚО аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Д.Б.Сарсембаев, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы С.М.Ахметжанов, ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы И.В.Неверова, адвокаттар М.К.Балгғымбаев, Д.А.Мырзаханова, ШҚО экология департаментінің инспекторлары К.С.Бохаев, М.Г.Ибрагимова, «Қазпошта» АҚ пошта байланыстарын ұйымдастыру және пайдалану секторының бас маманы А.Р.Байкенова қатысты.

Судья Қ.Ә.Ілиясов баяндамамен сөз сөйлеп, қазіргі таңда мемлекеттің басым міндеттерінің бірі сот актілері бойынша өндірілген ақша қаражаттарымен республикалық бюджетті толықтыру болып табылатынын атап өтті. Сот актілерінің орындалуы сот ісін жүргізуімен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардағы құқық нормаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттің басты құралдарының бірі болып табылады. Заңды және негізді сот шешімін жариялау жеткіліксіз. Заңды тұлға үшін сот шешімінің орындалуы маңызды. Азаматтардың және жалпы қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сот актілерінің жылдам, толық және сапалы орындалуына байланысты.

Облыстық прокуратура басқармасының прокуроры А.Корабаев сот орындаушыларының қызметін прокурорлық қадағалау және прокурорлық ден қою шараларының нәтижесі жөнінде айтып өтті.

Жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы  Д.Б.Сарсенбаев сот актілерін орындаудың проблемалық мәселелері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің қатысушылары атқарушылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін реттейтін заңнаманы қолданудың тәртібін, түрлі санаттағы атқарушылық іс жүргізу бойынша пайда болатын мәселелерді және оларды шешу мүмкіндіктерін, өзара бірлестік жолдарын талқылады.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік мекемелермен салыстыру актісін өткізу жөніндегі шешім қабылдады.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі