ШҚО бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына  экономикалық соттың судьялары, Шығыс Қазақстан облыстық  сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Т.Каримов, Прокурордың көмекшісі А.О.Корабаев, ШҚО аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Д.Б.Сарсембаев, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы С.М.Ахметжанов, ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы И.В.Неверова, адвокаттар М.К.Балгумбаев, Д.А.Мырзаханова, ШҚО экология департаментінің инспекторлары К.С.Бохаев, М.Г.Ибрагимова, «Қазпошта» АҚ пошта байланыстарын ұйымдастыру және пайдалану секторының бас маманы А.Р.Байкенова қатысты.

Р.Т.Каримов өз сөзінде, азаматтық істердің орындалып аяқталуы мемлекет пайдасына өндірілген соманың дәлелдеме құжаты немесе «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңда көрсетілген сот орындаушысының  орындау өндірісінің тоқталғандығы жөнінде  қаулы келіп түскен жағдайда аяқталған деп есептелетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылардың назарына өз кезегінде соттардың ашықтығын қамтамасыз ететін, уақыт пен қаражатты үнемдейтін орындау құжаттарын электронды түрде беру процестерін оңтайландыру бойынша атқарылған сот жұмыстарын  ұсынды.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында  экономикалық соттың судьясы Қ.Ілиясовтың,  Облыстық прокуратураның прокуроры А. Корабаевтың,  ШҚО аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Д.Б.Сарсембаевтың   баяндамалары тындалды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің қатысушылары атқарушылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін реттейтін заңнаманы қолданудың тәртібін, түрлі санаттағы атқарушылық іс жүргізу бойынша пайда болатын мәселелерді және оларды шешу мүмкіндіктерін, өзара бірлестік жолдарын талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп қызмет атқаруға ниеттерін білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі