Зайсан аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттың ашықтығын қамтамасыз ету және мектеп бітірушілердің келешекте заңгер  мамандықтарын таңдауға қызығушылықтарын ояту мақсатында  Зайсан аудандық сотында Зайсан қаласы Ломоносов атындағы орта мектебінің мектеп бітіруші оқушыларымен «Ашық есік» күн іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Ашық есік» күн аясында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі К.С.Игілікова мектеп бітіруші оқушыларды аудандық соттың жұмыс тәртібімен таныстырып, сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырды, сот процесінің қалай жүретіндігін көрсетті.

 Іс-шара барысында оқушылармен аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев кездесу жасап, кездесу барысында аудандық соттың жұмысы туралы, сот саласында болып жатқан реформалар жөнінде және судья мамандығы туралы жан-жақты ақпар берді, оқушылардың сот жұмысына және заңгер мамандығын таңдау бойынша қойған сауалдарына жауаптар  берді. Кездесу соңында мектеп бітіруші оқушылар аудандық сот ұжымымен естелік суретке  түсті.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі