Судьялардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Зайсан аудандық сотында судьялармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әрбір судьяның міндеті» тақырыбында семинарлық оқу өткізді.

Семинар барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев аталған тақырып бойынша баяндама жасап, онда бұған дейін сыбайлас жемқорлықпен күрес негізінен сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, оны жасаған кінәлі лауазымды тұлғаларды жазалаумен ғана шектеліп келсе, ендігі жерде сыбайлас жемқорлықпен күресті кешенді түрде жүргізу міндетті қойылып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес оны анықтаумен, кінәлі лауазымды тұлғаларды жазалаумен ғана шектелмеуі керектігін, сыбайлас жемқорлықпен күресте негізі жұмыс сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның төзімсіздік көзқарасын, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталуға тиіс екендігін, бұл 1 қаңтар 2016 жылдан бастап қолданысқа енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңында көрініс тапқанын атап өтті.

Президенттің 2014 жылы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген ерекше қатер екендігі айтылған және осыған байланысты онымен күресті мемлекет пен қоғам бірігіп жүргізгенде ғана жетістік болатындығы көрсетілген.

Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауында еліміздің 2050 жылға қарай әлемінің ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылудың маңыздылы атап өтіліп осы мақсатқа жетуде бес басымдықтың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту керектігі айтылған болатын.

Судьялар Елбасының Жарлығымен тағайындалып мемлекет атынан шешімдер қабылдайтындықтан олар сыбайлас жемқорлықты болдырмауда өздеріне ерекше талаптар қоя біліп, онымен күресте белсенді болуға міндетті.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі