Жаңа пилоттық жоба -татуластыру рәсімдерін дамытудағы нақты қадам

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында аудандағы кәсіпқой емес медиаторлармен дөңгелек үстел өткізді.

Аудандық сот төрағасы аудандық сотта жылдан-жылға дауларды (жанжалдарды) медиациялық келісім-шарт жасау арқылы татуластыру рәсімдерінің артып отырғандығын статистикалық мәліметтерге сүйене отырып айтып көрсетті. Мысалы, 2016 жылы медиациялық келісім жасау арқылы қаралған істерің саны 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. 2015 жылы барлық қаралған істердің 3,4 пайызы медиация арқылы шешілсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 10,4 пайызға жеткен.

Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанындығы жөнінде кеңінен тарқатып айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша өзара пікір алмасты, баяндамашыдан қойылған сұрақтарына жауаптар алды. Сондай-ақ, сот төрағасы 2016 жылы белсенді жұмыс істеген кәсіпқой емес медиаторлар К.Чековқа, Б.Амреновқа облыстық соттың төрағасы Д.Әміровтың алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі