Медиаторларға жаңа пилоттық жоба аясында жұмыс жасау тәсілдері түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының әкімі аппаратының акт залында  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ағымдағы жылдың ақпан айында іске қосқан жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану ерекшеліктерін түсіндіруге арналған тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараға Ұлан аудандық сотының судьясы Х.Тлеубергенова, Ұлан ауданының прокурорының орынбасары С.Баяхметов, аудан бойынша тіркелген кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Ұлан аудандық  сотының судьясы Х.Тлеубергенова өз баяндамасында Мемлекет басшысының Республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, іске қосылған жаңа пилоттық жоба туралы жаң-жақты мәлімет берді және оны «Медиация туралы» Заңының аясында қолдану тәжірибесі туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, семинар барысында кәсіпқой медиатор Т.З.Танекенова медиаторларға дау-дамайларды шешу мен реттеу жолдары бойынша дәріс оқып, келіспеушіліктерді реттеудегі медиаторлардың тәсілдерін жан-жақты түсіндірді.

Дәрістен соң қатысушылар медиация рәсімін іс жүзінде жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты.

 

Ұлан аудандық сотының

баспасөз қызметі