Баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

Баспасөз маслихатта аудандық «Арай-Луч» газетінің өкілдері алдында соттың төрағасы А.М.Әли сөз сөйледі, өз сөзінде, 2017 жылы 26 қаңтарда Жоғарғы Сот Төрағасымен  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске  асыру туралы ереже бекітілгенін айтты.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, төраға жобаның жалпы ережелері, негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, жүргізу қағидалары бойынша түсіндірме беріп, медиация жүргізу болып табылатын даулардың (жанжалдардың), яғни баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау,басқа адамдардан баланы тартып алу, некеден ажырату және мүлікті бөлу, қарыз келісім шарттары және кейбір еңбек даулары санатттарына тоқталды.

Баспасөз маслихаты соңында соттың төрағасы пилоттық жобаның мақсаты, даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын айтты.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі