Семей қаласының Ювеналды сотының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының Ювеналды сотымен соттың 5 жылдығына орай «Ювеналды сот: 5 жыл балалар құқығын қорғауда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ювеналды соттың судьялары, жергілікті соттың төрағалары, Семей қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, қала прокурорының орынбасары, білім бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының төрағасының орынбасары, АХАТ бөлімінің басшысы, балалар үйінің директоры, кәсіби медиаторлар және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар алғы сөзінде, «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 4 ақпандағы Жарлығымен ювеналды соттар құрылды және Орта Азиялық мемлекеттердің ішінде тек Қазақстан Республикасында бүгінгі күнде 19 ювеналды соттар жұмыс істеуде, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында екі сот құрылған. Ювеналды соттың басты мақсаты ол кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүргізгенде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады»  деп атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында ювеналды соттың судьялары С.Азмағанбетова  «Ювеналды сотта қаралатын істер», судья Р.Байжұманова «Ювеналды сотта қаралатын әкімшілік және қылмыстық істер», қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі «Балалардың құқықтарын қорғаудағы ювеналды соттың рөлі», кәсіби медиатор «Ювеналды соттағы медиация және бітімгершілік рәсімдер» тақырыбында баяндама оқыды.

5 жылда Семей қаласындағы ювеналды сотпен жалпы 2378 әкімшілік, 1140 азаматтық, 396 қылмыстық істер қаралды, 390 баланы азаматтар асырап алды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ювеналды соттар уақтылы құрылғанын және Қазақстанның сот жүйесінде бала мен отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғандықтан елеулі орын алатындықтарын атап өтті.  

Іс шара барысында қатысушылармен ювеналды соттың ұжымын бірінші мерейтойымен құттықтау сөздері айтылып, судьялар мен мамандарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

ШҚО  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі