Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай  аудандық  соты жеке тұлғалар арасындағы 400 000 теңге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.                                                      

Сот қарауы барысында тараптар сот медиация рәсімін өткізу туралы өтініш білдірді. Сот медиацияны кәсібі емес медиатор К.А. Токбаев өткізіп, нәтижесінде екі тарапта келісімге қол қойды, оның шарты бойынша жауапкер белгіленген уақытта талап қоюшыға 400 000 теңге қарыз сомасын төлеп беруге міндеттелді, ал талап қоюшы өз кезегінде жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабынан бас тартып, істің қысқартылуына қарсы еместігін көрсеткен.          

Сот  медиация туралы келісімін бекітіп, сол себепті талап қоюшының 4 000 теңге көлемінде төлеген мемлекеттік баж түріндегі сот шығынын қайтарып, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.                                                

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі