Зайсан аудандық сотының төрағасы Айнабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткізіп, Елбасының Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Айнабұлақ ауылдық округінде халықпен кездеу өткізіп, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өткізді.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.

Елбасының жолдауында Қазақстан үшін басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттер алғаш рет қысқа мерзімге белгіленіп отыр. Мемлекет басшысы еліміздің 2050 жылға қарай әлемінің ең алдынғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістілігін атап өтті. Осы мақсатқа жетуде Елбасы бес  басымдықты айқындап берді. Олар: жеделдетілген технологиялық жаңғыру;  дәстүрлі базалық салаларға серпін беру; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; адами капитал сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту.

Іс-шара соңында соттың төрағасы ауылдық округ тұрғындарын Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға қажырлы еңбекпен ат салысуға шақырды.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі