Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Адильбеков Кеңгірбай би ауылдық округінің азаматтарға құқықтық білім беру, құқықтық мәдениет деңгейін және сот жүйесіне деген сенімі мен сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.  

 «Ашық есік күнінде» азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыптарда сұрақтар қарастырылды.

Сонымен қатар, жиын барысында сот төрағасы Е.Е. Адильбеков  Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Соттың пилоттық жобасы  жөнінде де  түсіндірді.

Аудандық сот  төрағасы «Ашық есік күніне» қатысқан әр бір азаматтың сұрағына заңды түрде түсіндірмелер жүргізе отырып, толыққанды жауаптар берді.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі