Тарбағатай аудандық сотында дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының бас маманы Л.Жакилина «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Тарбағатай аудандық бөлімінде «Электрондық талап арыздарды, жүгінулерді, басқа да құжаттарды электронды жүйеде портал арқылы беру» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Аталған шараға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – « Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің жергілікті бөлімі қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға электрондық талап арыздар, жүгінулерді, басқада  құжаттарды электронды жүйеде портал арқылы берудің тәртібін зерделеніп, азаматтарға қызмет көрсетудің сапасы белгіленген стандарттарға сәйкес болу керектігі түсіндірілді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі