Есірткі затын сақтағаны үшін сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталған Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша,  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті  болып көрінген азамат Г-ны тоқтатып, тексеру кезінде азамат Г-ның үстіне киген күртешесінің сол жақ қалтасынан есірткі заты 6,97 грамм  кептірілген марихуананы өз еркімен алып берген.

Сот үкімімен сотталушы Г. есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны  үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі