Заманауи технологияларды сотта қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында, еліміздің жалпы сот жүйесіндегідей сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи технологиялар қолданыс табуда. Оның бір көрінісі ретінде - сот процестерін онлайн-байланысы арқылы жүргізу болып табылады. Сотқа қарауға түскен істер бойынша, іске қатысушылардың бірі соттан тыс басқа елді мекенде болса да, ара қашықтық істі қарауға кедергі бола алмайды.

Риддер қалалық сотымен «Әлеуметтік-кәсіпкерлік «Ертіс» корпорациясы Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Н.К.Тастахаеваға қылмыспен келтірілген шығынды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс бойынша қарау онлайн-байланысы арқылы өткізілді.

Жауапкердің  жазасын өтеу орнында болуы іс бойынша әңгіме өткізуге кедергі бола алған жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі