Аса ірі мөлшердегі "гашишті" сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) ҚК-тің 296-бабы, 4-бөлігімен А.Сұлтанғалиевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта А.Сұлтанғалиев жалдамалы пәтерде есірткі заттарын сақтағаны үшін күдікті ретінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Пәтерге тінту жүргізу кезінде аса ірі мөлшердегі  салмағы 925,97 граммды құрайтын «гашиш» есірткі затымен 2 пакет табылып алынды.

Сот үкімімен А.Сұлтанғалиев гашишті заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға  сотталды. Тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

 баспасөз қызметі