Зайсан аудандық соты кәсіпқой емес медиаторлармен пилоттық жоба бойынша семинарлық сабақ өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында Айнабұлақ ауылдық округінде болып, округтегі кәсіпқой емес медиаторлармен семинарлық сабақ өткізді.  

Семинарлық сабақ барысында аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды(жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын атап өтті. Оған сәйкес 2017 жылдың ақпан-шілде айларында азаматтық істер қарайтын барлық аудандық соттар даулардың жекелеген санаттары (баланың тұрығылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, алимент өндіру, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, кондоминимум басқару мәселелері, неке бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісім шарттары бойынша, сақтандыру) бойынша міндетті түрде тараптар арасында медиация рәсімдері жүргізілетінін, пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Іс-шара соңында қатысушылар семинар сабағының тақырыбы бойынша өзара пікір алмасты, баяндамашыдан қойылған сұрақтарына жауаптар алды, сондай-ақ сот төрағасы кәсіпқой емес медиаторларды пилоттық жобаны халық арасында насихаттау жұмысын жүргізуге, белсенді түрде іске асыруға ат салысуға шақырды.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі