АБТ жүйесін қолдануға арналған семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі заманға сай ақпарат құралдарын пайдалану соттар қызметінде қол жетімділікке, ашықтыққа және тиімділікке жеткізетін бірден бір тәсіл болып табылады, сонымен қатар ол тек сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес сотқа жүгінген тұлғалардың да біршама уақытын үнемдеуге жәрдемдеседі.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында бас маман А.Маусеитова  сот процестерін техникалық жазуға арналған «Аудио,бейнетаспа жүйесі» бағдарламасын қолдану бойынша сот мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді.

Баяндамашы өз сөзінде мәлімдеуші аталған жүйенің мүмкіншіліктері мен артықшылықтары, сот отырысында аудио,бейнетаспа құралын пайдалану тәртібі туралы айтты.

Бас маман А.Маусеитова дыбыс,бейнежазба құралын пайдалану сот отырыстарында процеске қатысушыларды тәртіптендіретін, сот отырысының хатшысының жұмысын жеңілдетін атап өтті.

Іс шараны аяқтау барысында мәлімдеуші мамандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі