Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2- бөлімі, 3-тармағымен (тұрғын-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлық) айыпталып сотқа берілген Р.Ш.Нигматуллинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Р.Ш.Нигматуллиннің жәбірленушінің пәтеріне заңсыз кіріп, пайдакүнемдік мақсатпен  5000 теңге ақша, жәбірленушінің жеке құжаттары салынған әйелдерге арналған сөмкесін ұрлап кеткен.

Басты сот талқылауы барысында жәбірленушіден, сотталушының қорғаушысынан Нигматуллинді кәсіби медиатордың делдалдық етуімен медиативтік келісім жасағанына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсті. Оның шарттары бойынша Р.Ш.Нигматуллин кінәсін толық мойындаған, залалдың орнын толықтай толтырған, істі медиация тәртібімен қысқартуды сұрады. Өз кезегінде жәбірленуші істің медиация әдісімен татуласқандарына байланысты қысқартылуына қарсы болмайды.

Сот қаулысымен Р.Ш.Нигматуллинді айыптау туралы қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі