Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай  аудандық сотымен талап қоюшы Т.Матвееваның жауапкер Ж.Мындаспековаға қарызы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Тараптар кәсібі емес медиатордың  көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді соттан бекітуді сұрады. Медиациялық келісімнің шарттары сотқа жазбаша түрде беріліп және жақтармен қол қойылған.

Сот тараптарға істің тоқтатылуын түсіндірді, сонымен қатар тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін тыңдап, олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбайтындықтан және заңды мүдделерін қорғай отырып, медиациялық келісімді бекіту туралы ұйғарым етті, соған байланысты азаматтық іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының

баспасөз қызметі