Қылмыстық іс бойынша брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Зәбенов БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья Қ.Зәбенов сотталушы С-қа қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы С. қызғаныш сезімінің негізінде металлдан жасалған балтаны қолданып, жәбірленуші Ч.-ді  өлтірген. Әрі қарай, бас араздықтың негізінде екі адамды өлтірген.

Сот үкімімен сотталушыға С-қа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді және оған жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз орталығы