Архив событий

28/07/2016

Глубокое аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

28/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық  сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

 Қабылдауға келген азаматтарды сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Әміров қабылдады.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қойылған сұрақтардың басым бөлігі отбасы-жанұялық қатынастарға қатысты болды.

Үржар аудандық сотының медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді

28/07/2016

Үржар аудандық сотының  медиация кабинетінде «Медиация күні»  тақырыбында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Серикбай және кәсіби емес медиаторлар Г.Каленова мен С.Жексембаев қатысты.

Іс-шараның мақсаты – халықтың арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу.

Тараптар медиация тәртібінде татуласты

28/07/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-тің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат И.Татариновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан, И. Татаринов  анасына дөрекі сөйлеп, тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында медиатордың көмегімен отбасы-тұрмыстық жанжал реттелді

28/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  Е.Джакеновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Е.Джакеновтың алкогольдік масаң күйінде бұрыңғы азаматтық жұбайына келіп, жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Медиативті келісім бойынша алимент...

28/07/2016

Риддер қалалық сотымен К.Слонованың Р.Слоновқа 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде ортақ бала үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді, оның шарттары бойынша талапкер алимент өндіру туралы талабынан бас тартады, ал жауапкер баланың үш жасқа толғанға дейін алимент ай сайын төлеуге міндеттенді.

Шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

28/07/2016

Риддер қалалық сотымен К.Клаузердің Е.Антроповқа жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген 614 523 теңге шығынды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді, оның шарттары бойынша жауапкер талапкердің автокөлігін қалпына келтіруге және 25000 теңге сот шығындарын төлеуге, ал талапкер өз талаптарынан бас тартуға міндеттенді.

Шетел азаматы қала аумағында заңсыз еңбек еткен

28/07/2016

Шетел азаматтарының ҚР келу және тұру, сонымен қоса Қазақстан Республикасынан кету ережесіне сәйкес туыстарының немесе таныстарының шақыруымен келген шетел азаматтары ҚР аумағында жұмысқа орналаса алмайды, визада көрсетілген мақсатпен байланысты емес қызметпен шұғылдана алмайды.

Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

28/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша М.Калиакпаровқа қатысты  әкімшілік істі қарады.

Сотта М.Калиакпаровтың кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 1870 636 теңге берешек екендігі анықталды.

Көлікті алкоголдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

28/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша  азамат С.Мырзағалиевке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта С.Мырзагалиевтың алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.

Сот кабинетінің жаңашылдығы

28/07/2016

Азаматтар онлайн-қызметі арқылы "Сот кабинеті" сервисінің көмегіне жүгіне алады.  Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету бойынша Департаментінің бұл жаңашылдығы электронды сот құжаттарының, оның ішінде  сот актілерінің легитимділігін тексеруге бағытталған.

Басты тиімділік деп азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері QR-код (қосесептіліктегі штрих-код) арқылы электронды құжаттардың легитимділігін анықтай алуын айтуға болады.

Материалдарды сотқа тіркеу кезіндегі ҚПК-тің 480-482-баптары талаптарының практикалық қолданылуы

28/07/2016

ОВ-156/14 мекемесінде  «Материалдарды сотқа тіркеу кезіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 480-482-баптары талаптарының практикалық қолданылуы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына  Семей қаласы № 2сотының судьясы Г.Биназарова және аталған мекеменің  қызметкерлері қатысты.  

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт түрде реттелді

28/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Ж.Мухамадиевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Ж.Мухамадиев үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты. Тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2016

Шемонаиха аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Балғабеков аудандық соттың ғимаратында Шемонаиха АІІБ аймақтық полиция инспекторларының қатысуымен  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Жәбірленушімен татуласуына орай, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

28/07/2016

ШҚО Шемонаиха аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1),3)-тармағымен (ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалаған әрекеттер) Л.Иванова, М.Железняковаға қатысты айыпталған қылмыстық ісі қаралды.

Сотта, сотталушылардың  топ құрып алдын ала сөз байласып, өндiрiстiк үй-жайдың қорасынан сиырды жасырын түрде жымқырғандығы анықталды.   

Қылмыстық теріс қылық медиация тәртібімен қысқартылды

28/07/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 131бабы,  1 бөлігі (қорлау) бойынша С. Жуковаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта сотталушының кәмелетке толмаған қызына қорлайтын сөздер айтқандығы анықталды.

Сот отырысы барысында жәбірленушіден сотталушыға қатысты қылмыстық істі татуласуларына байланысты медиация тәртібінде қысқарту туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен С.Жукова қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

28/07/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны  үшін жауапқа тартылған Д.Долгихқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Д.Долгих жанжал шығарып, жұбайына қатысты қорлайтын былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді ұсынды.

Салықты кемітіп көрсеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

28/07/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 278 бабы, 1 бөлігімен (салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) «Янтарь Май» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауылдық округі әкімдігіндегі медиация кабинетінде «Медиация –татуласу рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2016

Катонқарағай ауылдық округі әкімдігіндегі медиация кабинетінде  «Медиация –татуласу рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Күдербаева, Катонқарағай кенттік полиция бөлімі бастығы Т.Бейғанов, учаскелік полиция және аудан бойынша кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/07/2016

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат А.Зиновьевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сотта  азамат А.Зиновьев өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Прокуратура және алдын ала тергеу органдарының Қылмыстық-процестік кодексi талаптарын сақтауы

28/07/2016

Семей қаласының көлік прокуратурасында «Прокуратура және алдын ала тергеу органдарының Қылмыстық-процестік кодекс талаптарын сақтауы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

 Дөңгелек үстелдің жұмысына  Семей қаласы № 2 сотының судьясы А.ТАхметова және көлік прокуратурасының өкілдері қатысты.

Судья өз сөзінде, сотпен санкциялау әрекетін қозғау жөніндегі өтінішхат рәсімдеудің тәртібі мен санкциялау материалдары бойынша берілген мерзімнің сақталуын түсіндірді.