Архив событий

20/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесін зерделеу бойынша семинар сабағы өткізілді

20/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында «Төрелік бағдарламасы бойынша іс жүргізу» атты тақырыбында сот мамандарының қатысуымен кезекті семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі М.Алимханова сот мамандарына электронды түрде түсетін кіріс құжаттарды тіркеу бойынша нұсқаулықтың талаптарын айтып, «Төрелік» бағдарламасы бойынша электрондық карточкаларды толтыру, құжатты жасау тәртібін түсіндірді.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

20/07/2016

Мінездерінің келіспеуіне байланысты, әрі-қарай отбасын сақтап қалуға мүмкін болмағандықтан А.Дүйсенбина некені бұзу жөнінде талап арызбен  Глубокое аудандық сотына жүгінген.

Сотта істі жүргізу барысында ерлі-зайыптылар кәсіби емес медиатордың қатысумен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасап, бір бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуға  ниеттерін білдірді.

Сот тараптардың медиация тәртібінде жасалған келісімін бекітіп, сот ұйғарымымен азаматтық істі  өндірістен  қысқартылды.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы «Сотқа құрметтемеушілік білдіру туралы жауапкершілік» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

20/07/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Әли  «Сотқа құрметтемеушілік білдіру туралы жауапкершілік» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Іс-шараға Катонқарағай ауылының тұрғындары, аудандық «Арай» -«Луч» газеті өкілі Ж.Қызыр қатысты.

Риддер қалалық сотында қылмыстық іс қаралды

20/07/2016

Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 106 бабының 3 бөлімімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер,) Б.Мұхамеджановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішу кезінде болған жанжал барысында,  ас үй пышағымен жәбірленішінің денесіне соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Жәбірленуші денсаулығына келтірілген ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қаза болған.

Медиатордың көмегімен отбасы сақталды

20/07/2016

Ұлан аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта, талапкердің жауапкермен 2002 жылдан бастап заңды некеде  тұратындығы, сол некеден ортақ кәмелетке толмаған екі балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі   ұрыс жан-жал болғандықтан  талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/07/2016

Ұлан аудандық соты ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту) бойынша С.Мұқажановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта,  С.Мұқажановтың алкогольдік масаң күйінде жұбайының үйіне келіп жан-жал шығарып, оған балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Дүкеннің сатушысы он сегіз жасқа толмаған адамға темекі бұйымдарын сатқан

20/07/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 133 бабы 1 бөлігімен (он сегіз жасқа  толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы) әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша дүкеннің сатушысы он сегіз жасқа  толмаған  адамға темекі бұйымдарын сатып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Кінәсін мойындағаны ескеріле отырып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заң күшіне енген жоқ.

 

Медиация татуласу кілті

20/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық соты ӘҚБК-нің 73-бабының 1-ші бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Т.Бегдербековқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Т.Бегдербеков ішімдік ішкен алкогольдік масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайына балағат сөздер айтып, ар-намысына тіл тигізіп, сыйламаушылық көрсетіп, үйдің тыныштығын бұзған.  

Өскемен қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

20/07/2016

Өскемен  қалалық сотында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ университетінің 3 курс студенттеріне арналған кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.

Бүгінгі таңда сот қызметінің ашықтығына, қол жетімділігіне көп көңіл бөлінуде.

Шараның мақсаты соттың жұмысы, талап арыздарды беру тәртібі туралы және сот қызметін ұйымдастыру жөнінде ақпараттандыру болып табылады.