Архив событий

12/07/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында баспасөз-мәжілісі өтті

12/07/2016

Сот қызметінің ашықтығын, атқарылған жұмыстарын  және жетістіктерін қоғамға жеткізу мақсатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Р.Ақпар және Семей қаласының №2 сотының төрағасы Д.Бұлғынбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында баспасөз-мәжілісін өткізді.

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы 2016 жылғы 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша баспасөз-мәжілісін өткізді

12/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева  2016 жылдың 6 айының сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді.

Осы іс-шараға «Мой город» газетінің тілшісі А.Верба, «Устинка» газетінің  тілшісі А.Ожарова, «Менің өлкем» газетінің тілшісі К.Маулханов қатысты.

Баспасөз мәжілісі барысында сот төрағасы  Г.Әділбаева  2016 жылдың 6 айында Өскемен қаласының №2 сотына 660 қылмыстық іс түскен, былтырғы кезеңге қарағанда 46,3%-ға артық, қаралған қылмыстық істердің саны 667, былтырғыдан 63% -ға артқан.

ШҚО Көкпекті аудандық соты «Медиация туралы» Заңның талаптарын халыққа түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді

12/07/2016

Көкпекті аудандық соты Көкпекті ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында  «Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді.

Іс-шараға   Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті ауылдық округінің әкімінің м.а. К.Мукушев, кәсіби емес медиатор А.Оразаев, участкелік инспекторлар А.Ақаев, М.Касенов және Көкпекті ауылдық округінің халқы қатысты.

Жарма аудандық сотының төрағасы брифинг өткізді

12/07/2016

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Алімханов  2016 жылдың  6  айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша  брифинг өткізді.

Сот төрағасы 2016 жылдың  6 айында сот  төрелігін  жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтер келтірді, оның ішінде медиацианы қолдану бойынша қысқартылған істердің санын  атап өтті.

Семей қаласының №2 сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстары қорытындыланды

12/07/2016

Сот қызметтерінің насихатталуы, қоғамға атқарылған жұмыстардың қорытындысын жеткізу мақсатында шаһар соттарының ағымдағы жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстарының көрсеткіштері туралы  Шығыс Қазақстан облысының  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз-мәжілісі ұйымдастырылды.

Күршім аудандық сотының төрағасы 2016 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған сот жұмыстары жөнінде баспасөз маслихатын өткізді

12/07/2016

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров БАҚ өкілдерінің қатысуымен Күршім аудандық сотының 2016 жылғы 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде  баспасөз маслихатын өткізді.

Шара аясында сот төрағасы аталған мерзім аралығында сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтырамен де  бөлісті.

ШҚО Глубокое аудандық сотының қаулысымен 3 құқық бұзушы көлік басқару құқықтарынан айырылды

12/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 608 бабының 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша Д.Вакуленкоға, Ю.Мельниковқа, Н. Евсюковқа қатысты 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сотта көрсетілген барлық тұлғалар алкогольдік масаң күйлерінде көлік құралдарын басқарғандары анықталды.

Өскемен қалалық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

12/07/2016

Өскемен қалалық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен  баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Б.Тайтөлеуов баяндамасында, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша соттар көптеген жұмыстар атқарғандығын атап өтті.

Глубокое аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/07/2016

Глубокое аудандық сотында жоғалтқан тауар құнын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

И. Сергеева жол көлік оқиғасының нәтижесінде талапкердің көлігіне залал келтірілгендігін алға тартып, жоғалтқан тауар құны 83 862 теңгені  және  сот шығындары 16 138 теңгені өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

ШҚО Жарма аудандық сотында медиация тәртібімен әкімшілік іс қаралды

12/07/2016

ШҚО Жарма  аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған К.Дюсембаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

12/07/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған Б.Кунафияновқа қатысты әкімшілік ісі  қаралды.

ШҚО Глубокое аудандық сотының қаулысымен көлік басқару құқығынан 5 жылға айырылды

12/07/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 608 бабының 3 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша С.Жүрекбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, С. Жүрекбаев көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізіп жол көлік оқиғасын жасаған, сонымен өзінің денсаулығына зиян тигізіп, көлік құралына залал келтіргендігі анықталған.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында үш әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/07/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73 бабы 1 бөлігі бойынша 3 әкімшілік іс қаралды, оның әрекеттері отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған деп көзделген.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында медиациялық рәсімдер бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды

12/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында медиациялық рәсімдер бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, кәсіби медиаторлар мен Өскемен қаласы ІІБ-ның учаскелік инспекторлары қатысты.

Кездесуде сөз алған сот төрағасы С.Ибраев сот жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын татуластыру рәсімдерінің қолданылуына тоқталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында баспасөз-мәжілісі өтті

12/07/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейітұлы соттың 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз-мәжілісін  өткізді.

Шара барысында сот төрағасы соттың жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Аягоз аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылауға арналған баспасөз-мәжілісі өткізілді

12/07/2016

Аягөз аудандық сотында сот төрағасы Р.Тұрабаевтың, Аягөз аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. М.Амренова, БАҚ өкілдерінің, адвокаттар, Аягөз АІІБ-ның қызметкерлері және кәсіби медиатор Қ. Амрееваның қатысуымен баспасөз-мәжілісі өтті.

Баспасөз-мәжілісі барысында төраға  қатысушыларға 2016 жылдың 1-жартыжылдығында   қаралған сот істері бойынша мәлімет берді. Есепті кезеңде    88 адамға қатысты  83 қылмыстық іс қаралған, 57 адамға қатысты 56 қылмыстық іс бойынша соттың айыптау үкімі шығарылған,  26 қылмыстық іс қысқартылған.

Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

12/07/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) К.Сұлтановқа қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

12/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, жасалған әрекеттер) қарастырылған  Д.Головкоға қатысты әкімшілік істі қарады.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәжілісі өтті

12/07/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәжілісі өткізілді.

Сот төрағасы А.Әли  өз сөзінде 2016 жылдың 6 айында қаралған істерге тоқталып, көрсетілген мерзімде барлығы 20 қылмыстық, 89 азаматтық және 106 әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс-шара аясында «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы жөнінде, сондай-ақ «Сот кабинеті» арқылы электронды арыздар мен азаматтық  істердің және басқа да құжаттардың сотқа түскендігі туралы мәлімденді.

ШҚО экономикалық сотында 2016 жылдың 6 айындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

12/07/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мой город» газетінің тілшісі Е.Балованың және «Витязь» құқықтық ақпарат және журналистік тергеу агенттігінің тілшісінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

12/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған Ю.Кузнецовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ю.Кузнецов өзінің таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішкен, ішімдік ішу барысында, Ю.Кузнецов пен жәбірленуші арасында жанжал пайда болған. Жанжал кезінде, Ю.Кузнецов жәбірленушінің денесіне бірнеше рет жарақат келтірген. Алған жарақаттардың әсерінен жәбірленуші сол жерде қаза болған.