Архив событий

25/07/2016

Семей қалалық сотында азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісін қолданудағы мәселелер талқыланды

25/07/2016

Семей қалалық сотында судьялардың қатысуымен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісін қолданудағы мәселелер» тақырыбында семинар болып өтті.

Заманауи мемлекет құқық қорғау сияқты маңызды міндетке ие болғандықтан, сот жүйесі адам құқығы саласындағы жоғары құқықтық нормалар мен заңдылықтар жолдарын, оның ішінде азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісін қолдану арқылы адам құқығын қорғауды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Пәтердің су басуы салдарынан туған дау бітімгерлік жолмен шешілді

25/07/2016

Семей қалалық соты В. Владимировтың  К.Сераловаға қатысты пәтерді су басу салдарынан болған шығынды өндіруге қатысты азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, келісімге сай жауапкер 86 331 теңге шығынды өтеген жағдайда, талапкер өз арыз талаптарынан бас тартады.

Сот орындаушыларының іс әрекетіне шағымдану сұрақтары талқыланды

25/07/2016

Өскемен қалалық  сотында прокуратура органы, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасы, сот орындаушылары және БАҚ- өкілдерінің қатысуымен «Сот орындаушыларының іс әрекетіне шағымдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады

25/07/2016

Семей қалалық соты еңбекақы бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық істі қарады.

В.Белоножко «Каз Град Строй» ЖШС-не қатысты сотқа шағымданып, жауапкерде 2015 жылдың қарашасынан 2016 жылдың наурызы аралығында шебер ретінде қызмет атқарған кезде 319 417 теңге еңбек ақысы төленбегендігін айтты. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдері аударылмаған, еңбек келісімшарты бұзылған соң пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленбеген. 

Мемлекет пайдасына келтірілген залал өндірілді

25/07/2016

Семей қалалық соты Семей қаласы прокурорының арызы бойынша А.Қожкеновтен мемлекет мүддесін қорғауда ел қазынасының пайдасына келтірілген залалды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сот талқылауы барысында А.Қожкеновтың 2015 жылдың 2 желтоқсанында бұзақылық жасап, жәбірленушіні соққыға жыққан, соның салдарынан жәбірленушінің бет-жақ хирургиясының стационарында ем қабылдауына тура келген. Семей қалалық №2 сотының қаулысымен қылмыстық іс  тараптардың татуласуына орай  қысқартылған.

Семей қаласының №2 сотының судьясы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестермен заңсыз ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында брифинг өткізді

25/07/2016

Семей қаласының №2 сотының судьясы Ж.Абенова «ТВК-6» арнасының  тілшісінің қатысуымен «Есiрткi, психотроптық заттар, сол  тектестермен заңсыз ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында брифинг өткізді.

Судья өз сөзінде, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға қарсы күрес проблемасы біздің елімізде аса өзекті екенін атап өтті.

Глубокое аудандық сотында медиация қолданылды

25/07/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жасағаны үшін жауапқа тартылған К.Жанұзақовқа және Н.Путинцевқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотта,  К.Жанұзақов, Н.Путинцев үйлерінде жанжал шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамдарға былапыт сөздер айтқандары анықталды.

Сотта істі қарау барысында, тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімдерін ұсынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

25/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты  ӘҚБтК-нің 434 бабының 1- бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер)  Ю.Шульгинге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық тәртіпті қайталап бұзған

25/07/2016

Күршім аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440 бабы  4 бөлігі (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат К.Сейсеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

25/07/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет)  А.Шабденбековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиатор туысқандарды татуластырды

25/07/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) М.Кенжетаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

25/07/2016

Күршім аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) Н.Жармұхамбетовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиатор татуластырды

25/07/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен  (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) А.Гофманға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта татуласты

25/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа

қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е.Быкасовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Е.Быкасов отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын бұрынғы жұбайына қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған.

Қазақстан республикасының аумағынан шығарылды

25/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкі

Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

25/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (қарақшылық, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған) бойынша А.Воронкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Воронко алкогольдік масаң күйде жәбірленушінің пәтеріне кіріп, оған соққы жасап 10 000 теңгелік форфор мүсінін ұрлап кеткені анықталды.

Достық үйінде семинар өткізілді

25/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева Достық үйінде «Медиация. Қолдану тәртібі және салдары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

 Осы іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Н.Кизаметдинов,  Шығыс Қазақстан облысындағы  «Альтернатива»  медиация және құқық орталығының директоры А.Каленова, ШҚО адвокаттар алқасының адвокаты Б.Мязов, қамқоршы және қорғаншы органының әдіскері Г.Акатаева қатысты.

Анасы өз баласын қамтамасыз етуге міндеттенді

25/07/2016

Семей қаласының Ювеналды сотына азаматша Б.Букур  И.Лысянскаяны  ата-аналық құқығына айыру туралы талап арызбен жүгініп, арызда өзінің кәмелетке толмаған немересі Егордың әжесі екендігін, бала бір жасынан бастап оның асырауында және тәрбиесінде екенін көрсеткен.  Баланың әкесі қайтыс болған, ал анасы 15 жыл бойы әжесінің қолында тұрып жатқан баласының тәрбиесіне араласпаған, оның тағдыры мен денсаулығы қызықтырмаған, яғни аналық міндетін мүлдем орындамаған.

Медиация: келісімге келу өнері

25/07/2016

Семей қаласының ювеналды сотында «Ашық есік күні» шарасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі О.Шәріпбаев және Семей қаласының колледждерінің оқытушылары: С.Мақсұтқанұлы, М.Өмірханов, А.Мұратова және т.б. оқытушылар болды.

Өскемен қаласының №2 соты дыбыс-бейнежазба жаңа жүйесін пайдалана отырып онлайн байланыс арқылы сот отырысын өткізді

25/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотында судья С.Бекишеваның төрағалық етуімен ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б» тармағы ( алаяқты, яғни аса ірі көлемде бөтен мүлікті ұрлау) бойынша айыпталған Е.Игенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында онлайн байланыс арқылы Алматы қалалық сотының ғимаратында, Алматы қаласының сот сараптама Институтының 2 сарапшысынан жауап алынды.

Инновациялық технологияларды  қолдану, сот ісін жүргізудің басым бағыттарының бірі, ол бюджеттік ақшаны үнемдеп, сот отырысының созылуының алдын алады.