Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) Н.Жармұхамбетовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Н.Жармұхамбетов алкогольдік масаң күйінде зайыбын балағаттаған, ол өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қатынастағы азаматтың тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдіргендігі анықталды.

Сот мәжілісінде кәсіби емес медиатор жәбірленуші мен құқық бұзушының арасында дауды медиация тәртібімен шешу туралы жазбаша келісім жасалғанын ұсынды.

Сот қаулысымен  Н.Жармұхамбетов жауапкершіліктен босатылып, әкімшілік іс медиация тәртібінде  қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі