Архив событий

13/07/2016

ШҚО Риддер қалалық сотымен партисиативтік рәсім бойынша азаматтық іс қысқартылды

13/07/2016

Риддер қалалық соты Ю.Тұрышеваның А.Сусликовқа ортақ мүліктен үлестерін анықтау, жылжымайтын мүлікті бөлу және соңғының талапкерге жұбайлардың ортақ борыштарын бөлу туралы қарсы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында, тараптар адвокаттарының көмегіне сүйене отырып сотқа партисипативтік келісімді бекіту туралы өтініш берген, келісім шарттары бойынша олар жылжымайтын ортақ мүлікті 6 миллион теңгеден кем емес бағаға сатып, оның құнын және сот шығындарын екуіне тең бөледі. Тараптар басқа талаптарынан бас тартты.

Үржар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәжілісі өткізілді

13/07/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы К.Қонқаев,  аудандық  «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаевтың қатысуымен 2016 жылдың 1-жартыжылдығы туралы баспасөз мәжілісін  өткізді.

Іс-шара барысында төраға К.Қонқаев 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 20 қылмыстық іс қаралып,оның ішінде 14 іске үкім шыққанын, 1 іс соттылығы бойынша жолданғанын, 5 қылмыстық іс медиаиция тәртібімен аяқталғанын, 156 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 94 іс бойынша шешім шығарылғанын, 31 сот бұйрығы шығарылғанын, 17  іс медиация тәртібімен аяқталғанын айтып өтті.

ШҚО Күршім ауданының №2 сотында семинар өткізілді

13/07/2016

Күршім ауданының Теректі ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде «Медиация заңының жалпы тәртібі, азаматтық және қылмыстық сот өңдірісі шеңберіңдегі медиация» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысында аудандық соттың судьясы С.Жүніспекова және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотымен гашиш-есірткі затын өткізгені үшін сотталды

13/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 297 бабы 2 бөлігі  (психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша Р.Акопянға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Р.Акопян көлік жудыратын тұрақтың жанында аз мөлшерге жататын, дәрі тектес нығыздалған 2,14 грамм гашиш– есірткі затын 3000 теңгеге өткізген. Келесі күні полиция қызметкерлерімен ұсталып, тінту жүргізу барысында ірі мөлшерге жататын 6,30 грамм екі нығыздалған дәрі түріндегі гашиш табылған.

ШҚО Шемонаиха аудандық сотында 2016 жылдың 6 айының жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз-мәжілісі өткізілді

13/07/2016

Шемонаиха аудандық сотында аудан әкімдігі, аудан прокуратурасының, жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау органдарының және аудандық БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәжілісі өткізілді.

Сот төрағасының м.а. С.Балғабеков сот өндірісімен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірді. Сонымен қатар, жоғары тұрған сотқа шағымданған істердің саны мен олардың нәтижелерін  айтты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихатын ұйымдастырды

13/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихаты жұмысына судьялар мен қатар, облыстық «Алдаспан» газетінің бас редакторы А.Касембаева, «Менің өлкем» газетінің тілшісі А.Өрібаев, «Мой город» газетінің тілшісі И.Сухоруков пен yk.kz сайтының тілшісі Н.Шимолина қатысты.

Сот төрағасы С.Ибраев аталмыш шараны аша келе, күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелерді атап өтті.

Үржар аудандық сотында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді

13/07/2016

Үржар аудандық сотында 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындылары бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді.

Өткен кезеңіндегі соттың жұмысын қорытындылай отырып, сот төрағасы Д.Серикбай статистикалық мәліметтерге тоқтала кетіп, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының сот істерін қарау барысында кеңінен қолдануына баса назар аударды.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

13/07/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында төраға м.а. Қ.Забенов 2015 және 2016 жылдардың 6 айының жұмыс қортындысы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтерге  тоқталды.

ШҚО Глубокое аудандық соты 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

13/07/2016

Глубокое аудандық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Б. Амиров бұқаралық ақпарат құралдарының, прокуратура, АІІБ, пробация қызметінің, сот орындаушыларының және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен  2016 жылдың 6 айындағы сот жұмысын қорытындылау мақсатында баспасөз-мәжілісін өткізді.

Аудандық сот төрағасының м.а. Б.Амиров статистикалық деректерге тоқталды: аудандық сотпен 106 қылмыстық іс, 1732 азаматтық іс және 533 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған, 30 жеке қаулылар шығарылған.

Өскемен қалалық сотымен ОВ 156/3 мекемесі басшысының іс әрекетін заңсыз деп тану туралы арыз қанағаттандырылусыз қалдырылды

13/07/2016

Өскемен  қалалық сотында  К. Сұлтанбековтың арызы бойынша ОВ 156/3 мемемеснің басшысының іс әрекетін заңсыз деп тану  туралы азаматтық іс қаралды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының қаулысымен сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

13/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  әкімшілік іс қаралды.        

Сотта, 2014 жылғы сот шешімімен құқық бұзушы В.Климовтан алимент өндірілгені анықталған. Алайда, борышкер сот актісін өз еркімен орындаудан жалтарып, алимент қарызын өтемеген.

Сот құқық бұзушы В.Климовты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп тауып, оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 21210 теңге айыппұл тағайындады.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылау бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді

13/07/2016

Сот билігінің беделін көтеру, соттардың қызметін ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық және айқын өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. 

Осы шараға «Лениногорская правда», «Городок-Инфо» газеттерінің және «Радио-Максат» ЖШС арнасының тілшілері  шақырылды.  

Өскемен қалалық сотында ақша қаражатын бөлу туралы азаматтық іс қаралды

13/07/2016

Өскемен қалалық сотында  З.Түйтешованың  талап арызы бойынша төленген ақшаны бөлу туралы азматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, тараптар некеде тұрған кездерінде пәтер сатып алған,  пәтер талапкердің атына тіркелген.

Өскемен қалалық сотында жұмысқа қайта орналасу туралы іс қаралды

13/07/2016

Талапкер «ШҚО ІІБ» ММ-не жұмысқа қайта орналасу және еріксіз жұмыссыз жүрген уақыты үшін еңбек ақыны өндіру туралы талап арызбен Өскемен қалалық сотына жүгінді.

Талап арызында «ШҚО ІІБ» ММ-нің бұйрығымен  Риддер ІІД-нің   учаскелік инспекторы  лауазымынан  жұмыста үш сағаттан астам уақыт болмауына байланысты жұмыстан босатылғандығын көрсеткен. Соттан оның бұрынғы лауазымына қайта орналасу және еріксіз жұмыссыз жүрген уақыты үшін   жұмыстан шығарған уақыттан бастап еңбек ақыны өндіруді сұраған.

Өскемен қалалық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды

13/07/2016

Өскемен қалалық  сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Тараптар заңды некеде тұратындығы, сол некеден ортақ кәмелетке толмаған бір балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі   ұрыс жан-жал болғандықтан  талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Сот жүргізу барысында ерлі-зайыптылар медиация келісімін жасап, бір бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуына  ниет білдірді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен ұрлық жасауға оқталғаны үшін сотталды

13/07/2016

Өскемен қаласының №2 соты  ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі, 24 бабы 3 бөлігі  (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша В.Ворогушинге қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта істі қарау барысында, В.Ворогушин «Спортмастер» дүкенінен 21 990 теңге тұратын ерлер аяқ киімін жасырын алып, шығуға бет алған, бірақ, дүкеннен шығарда дабылсоққыш қосылып, В.Ворогушиннің ұсталғаны анықталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында некені бұзу туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/07/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Істі қарау барысында тараптар ҚР АПК-нің 179-180 баптарына сай дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде  өтініш ұсынды. Келісім бойынша тараптар отбасын сақтап қалуды шешті.

Тараптардың медиация тәртібінде келісімге келулеріне байланысты, медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/07/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен талапкер Г.Сейлханованың жауапкер Ә. Мәметаевадан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкерге  заттарын қарызға сатқан. Жауапкер қарызды міндетті түрде екі айда қайтаратындығы туралы қолхат жазып берген. Жауапкер сол ақшаны қайтармай жүргеніне байланысты, талапкер соттан жауапкерден қарызын өндіріп беруді сұраған. 

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотталды

13/07/2016

Өскемен қаласының №2 соты  ҚК-нің 287 бабы 1 бөлігі (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша А.Бочковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, А.Бочков полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын өткізу барысында ұсталып, оған тінту жүргізу кезінде жуан таяқ түріндегі  суық қару табылғаны анықталды.

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

13/07/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі Л.Шахворостованың қатысуымен «Бесқарағай аудандық сотының 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізді.

Сот төрағасы 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы сот қызметі жөнінде баяндап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқтала келе, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтарымен де бөлісті.

Өскемен қаласының №2 сотымен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

13/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1,3 тармағы   (тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған) бойынша М.Оспанов, ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (тонау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған) бойынша А.Қабиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

13/07/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты сот билігінің беделін күшейту, сот қызметін ұйымдастыру деңгейін, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын және тиімділігін арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдарымен ашық та жариялы тығыз карым – қатынаста шаралар атқару мақсатында брифинг ұйымдастырды.

Бұл шараға аудандық «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттерінің тілшілері К.Апсадықова қатысты.