Архив событий

26/07/2016

Медиатордың көмегімен отбасы сақталды

26/07/2016

Зайсан аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта, талапкердің жауапкер 1993 жылдан бастап заңды некеде  тұратындығы, сол некеден ортақ кәмелетке толған екі балалары кәмелетке толмаған бір балалсы бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі   ұрыс жан-жал болғандықтан  талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

26/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арызында жауапкермен заңды некеде 2004 жылдан бастап тұрғанын, некеден ортақ төрт баласы барын, мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, ортақ мүлікке даулары жоқ екенін көрсетіп, некелерін бұзуды сұраған.

Салық төлемдерің төлеуден жалтарғаны үшін сотталды

26/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 244 бабы 2 бөлігімен (азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған) қарастырылыған қылмысты жасаған Г.Бушуевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиациялық келісім-шарт жасау арқылы тоқтатылды

26/07/2016

Зайсан аудандық сотында азамат Н.Мағжаевты ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша жекеше айыптау тәртібімен  қылмыстық іс қаралды.

Сотта Н.Дәлелхан Н.Мағжаев өзін ұрып жеңіл дәрежелі дене жарақатын түсіргені үшін Н.Мағжаев жеке айыптау бойынша ҚК-тің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Сот отырысында Н.Дәлелхан жекеше айыптаудан медиациялық келісім шарт негізінде бас тартты, Н.Мағжаев онымен келісті.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған

26/07/2016

Бородулиха аудандық соты көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Азамат Б. жолда жүру ережесінің 2.4.2-тармағын бұзған. Дәрігерлік куәландыру кезінде оның орта деңгейдегі алкогольдік масаң күйде болу фактісі расталған. Соған байланысты оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Алкогольдік өнімді өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылды

26/07/2016

Бородулиха аудандық сотында ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен қарастырылған әкімшілік іс қаралды.

Сотта  құқық бұзушының түнгі сағат 23.00-ден кейін алкоголь өнімін сатқандығы анықталды. Осы әрекетімен ол Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

26/07/2016

Бородулиха аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат А.Тихоноваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиация тәртібінде неке сақталды

26/07/2016

Үржар аудандық сотымен неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың ортақ некеден балалары жоқ екені, мінездері жараспағандықтан соңғы уақыттарда бөлек тұрып жатқандықтары анықталды. Тараптар дауларын кәсіби емес медиатордың көмегімен реттеп және соттан істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Э.Мукаев «Медиация институтын қолдану және дамыту» тақырыбына брифинг өткізді

26/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотында судья Э.Мукаев «Мой город» газетінің тілшісі Р.Курдиновтың қатысуымен «Медиация институтын қолдану және дамыту» тақырыбында брифинг өткізді.

Судья Э.Мукаев тілшілерге Қазақстан Республикасында медиация 2016 жылдың 28 қаңтарындағы заңына сәйкес реттелетінін айтты.  Орта және аса үлкен емес ауырлықтағы қылмыстарға қатысты істерді қарау қылмыстық іс жүргізуде медиацияны қолдану саласы болып табылады.

Медиация мәселесі бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

26/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі «Қылмыстық іс жүргізуде медиация рәсімін қолдану» тақырыбында  «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараны соттың кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу.

 Іс-шара өткізу барысында С.Жортбасова татуластыру рәсімінің шеңберінде медиация жайлы, оның қолдану саласы жөнінде, дауды реттеу тәртібі және оның артықшылықтары туралы айтып өтті.

Көкпекті аудандық сотының жанадан тағайындалған судьясы таныстырылып, «Медиация» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді

26/07/2016

Көкпекті аудандық әкімшілігінде Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы ауданның белсенділеріне судья Н.Жаныбекованы таныстырды. Ол 2016 жылы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Көкпекті аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Көкпекті аудандық әкімшілігінде сот төрағасы Ә.Бақытбекұлымен «Медиация» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Өзбекстан азаматтарына қатысты әкімшілік іс қаралды

26/07/2016

Күршім аудандық соты ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен  (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткенен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстанның 4 азаматтарына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін қылмыстық жауаптылық

26/07/2016

Риддер қалалық сотымен Қылмыстық кодекстің 340 бабы 2 бөлігі (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша В.Николаевқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай, В.Николаев, арнайы рұқсаты болмаса да, ағаш кескіштің көмегімен орман қорына кіретін - кесуге тиым салынған  жеті самырсынды, төрт қайыңды өз мұқтажына заңсыз кескен, осы әрекетімен «Пихта орман шаруашылығы» КММ-не 28 209 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Сотқа дәлелді себептерсіз келмеу - жауапкершілікке әкеп соғады

26/07/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК 653 бабының 1 бөлігімен  көзделген құқық бұзушылық (сотты құрметтемеушілік) жасағаны үшін Ш.Уразгалиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот жүргізу барысында, Ш.Уразгалиевтың азаматтық іс бойынша сот мәжілісіне дәлелді себептерсіз 50 минутқа кешігіп келгендігі анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық турлы кодексінің 653 бабының 1 бөлігімен  көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып оған ескерту тағайындалды.

Жанжал медиация тәртібімен реттелді

26/07/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  үшін жауапқа тартылған И.Разбейкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, И.Разбейко алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, жиеніне былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді ұсынды.

Татуластыру рәсімдерін түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

26/07/2016

Жарма аудандық сотының судьясы А.Садуақасова Калбатау ауылдық округі әкімдігі аппаратының ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде Жарма ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Қалбатау ауылдық округінің кәсіби емес медиаторлар С.Ақаев, С.Мусин, А.Утегенов, Б.Байтұрсынов және Жарма ауданының тұрғындары қатысты.

Кездесу Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Алимхановтың «Татуластыру рәсімдері бойынша Меморандумын іске асыру бойынша қолма-қол жұмыс жасау туралы» жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы брифинг өткізді

26/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы «Мой город» газетінің тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен брифинг өткізді.

 Судья А.Алтынхан тілшілерге өзінің А.Ворогушинге қатысты қараған қылмыстық ісіне қатысты сотталған «Спортмастер» дүкеніне ұрлыққа оқталғаны үшін сотталғанын айтып өтті.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

26/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Б.Бектасовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Б.Бектасов бірге тұратын жұбайына  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Медиация отбасын сақтап қалды

26/07/2016

Риддер қалалық сотымен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы арыз түсті, оның шарттары бойынша, талапкер отбасын сақтап қалу үшін іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады, ал жауапкер осы шешіммен толық келісті.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс қысқартылды, төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

26/07/2016

Риддер қалалық сотымен алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкердің  «Риддер аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК-нің күндізгі бөлімінде оқитындығы анықталды.