Архив событий

18/07/2016

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салу жазасына тартылды

18/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ресей Федерациясының азаматшасы И.Лузинаға және ӘҚБтК-нің 517 бабы 4 бөлігімен  Өзбекстан азаматшасы А.Сабироваға қатысты  әкімшілік істер қаралды.

Глубокое аудандық сотында ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/07/2016

Глубокое аудандық сотында ҚР ҚК 188 бабы, 2 бөлігі 1,3 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен үй-жайға заңсыз кiріп бөтеннің мүлкін ұрлау, жасырын жымқыру) бойынша С.Качановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сотталушы құлыпты бұзу арқылы жәбірленушінің үйіне кіріп, жалпы құны 45 100 теңгені құрайтын материалдық құндылықтарды ұрлап, кейін қылмыс орнынан жасырынып қалғаны анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

18/07/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 73 бабының 2 бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Д.Гарбузовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта істі қарау барысында, Д. Гарбузов тұрғылықты жері бойынша жұбайына қатысты  былапыт сөздер айтып, жан-жал шығарғаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар татуласу туралы келісімді сотқа ұсынды.

Глубокое аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

18/07/2016

Глубокое аудандық сотында ҚР ҚК 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша С.Колесниковқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сотталушы алкогольдік масаң күйінде жұбайымен арасында пайда  болған ұрыс кезінде, оның денесіне соққы келтіргендігі анықталды. Сотталушы өз әрекеттерімен жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Ірі көлемде есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін сотталды

18/07/2016

Риддер қалалық соты Қылмыстық кодестің 297 бабы 2 бөлімі (есірткі заттарды ірі көлемде сату мақсатында заңсыз сақтау және сату) бойынша Д.Пискуновқа қатысты іс қаралды.

А.Пискунов есірткі заты – марихуананы ірі көлемде заңсыз сақтаған. Риддер қалалық сотының  үкімімен Д.Пискунов ҚР ҚК-нің 297 бабының 2 бөлігімен қарастырылған қысмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Рауағаш жинағаны үшін сотталды

18/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚК-нің 339 бабымен (сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерін заңсыз жинау және жою) Д.Сергеевті айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Д.Сергеев «Умыш» учаскесінде алтай рауағашын жинаған, 18 түбін жинап алғаннан кейін табиғатты қорғау полициясымен ұсталынған.

2006 жылдың 31 қазанындағы №1034 Үкімет қаулысына сәйкес алтай рауағашы сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тізіміне енгізілген.

Риддер қалалық сотында маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды

18/07/2016

Риддер қалалық соты «Риддер қалалық психоневрологиялық диспансері» КМҚК-нің Д.Заикинді маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, Д.Заикин емдеу орнында маскүнемдік жөнінде есепте тұрады,  өзі еркімен емделуден жалтарған, учаскелік инспектордың ескертуіне, басқа да алдын алу шараларына құлақ аспаған, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделеді. Маскүнемдіктің салдарынан үйінде тынышсыздық орын алған.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен 2 әкімшілік іс қаралды

18/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен (көлікті масаң күйінде жүргізу) С.Марковскийға және А.Прокопьевқа қатысты 2 әкімшілік іс қаралды.

Іс материалында көрсетілгендей, құқық бұзушылар ішімдік ішкен күйлрінде көлік құралдарын басқарған.

Сот қаулысымен  құқық бұзушылардың екеуі де кінәлі деп танылып, әр қайсысына көлік құралын жүргізу құқығынан үш жылға айыру жазасы белгіленді.

Каулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін қамаққа алынды

18/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігімен (1 жылдың ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекетті қайталап жасау) А.Нұрмұхамбетовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан, А.Нұрмұхамбетов үйіне алкогольдік масаң күйінде келіп, зайыбына қатысты балағат сөздер айтып жан-жал шығарған.

Сот қаулысымен А.Нұрмұхамбетов ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамаққа алу туралы әкімшілік жазаға тартылды.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында екі азаматтық іс қаралды

18/07/2016

Көкпекті ауданының №2  аудандық сотында неке бұзу туралы талап арыздар бойынша азаматтық істер қысқартылды.

Тараптардан медиатордың қатысуымен медиациялық келісім ұсынылды.   Сот дауды медиация арқылы реттеу туралы келісімнің мазмұның, заңға сәйкестігін тексеріп, келісімді бекіту туралы шешім қабылдады.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. Талапкерге төленген мемлекеттік баж соммасы қайтарылды.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.