Архив событий

11/07/2016

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін атқару бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді

11/07/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а. Г.Боранбаева 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Осы баспасөз мәжілісіне «Рудный Алтай» газетінің тілшісі - Эдуард Кунгурцев, «Устинка.кз» газетінің тілшісі- Ирина Николенко қатысты.

Шараның бірінші бөлімінде төрағаның м.а. Г.Боранбаева  2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған  сот жұмысын қорытындылады.

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Достық үйінде семинар өткізді

11/07/2016

Шығыс  Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева Достық үйінде «Медиация -  дауларды шешудің балама әдісі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға «Медиаторлар ұлттық палатасының» директоры М.Дячуктың, «Альтернатива» Шығыс Қазақстан облысының медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторлары А.Жұмағұл, Р.Сүлейменова, Жасөспірімдер үйінің өкілі С.Масина қатысты.

Апелляциялық сатыдағы сотпен ШҚО Глубокое аудандық сотының қаулысының күші жойылып, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс өндірістен қысқартылды

11/07/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөліміне сәйкес (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Деревянкоға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды

Сот қаулысымен  В.Деревянко  ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  бір жыл мерзімге  көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/07/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73 бабы, 1 бөлігі бойынша  әкімшілік іс қаралды, оның әрекеттері отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған деп көзделген.

Іс бойынша, құқық бұзушы Е.Баранов өз үйінде масаң күйінде өзімен бірге тұратын азаматшаға балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлаған.

ШҚО Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Отбасылық медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

11/07/2016

Таврия ауылдық әкімдігі жанында ашылған мадиация кабинетінде Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы «Отбасылық медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына кәсіби емес медиатор Ш.Утепов, Таврия ауылдық окуругінің әкімі, әкімдіктің қызметкерлері, Таврия ауылының әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының банкрот деп тану туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды

11/07/2016

Жеке кәсіпкер Т.Папышева банкрот деп тану туралы талап арызымен Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Өзінің талап арызында, сотқа жүгінері алдында 1 026 650 теңге мөлшері кредиторлық берешегі, оның орнын толтыру үшін мүмкіндігі жоқ екенін, қазіргі уақытта қызметін жүзеге асырмайтындығын, мүлігі және дебиторлық берешегі жоқ екендігін көрсеткен.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

ШҚО Шемонаиха аудандық сотымен электр энергиясы үшін қарызды өндіру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды

11/07/2016

«Шығысэнерго» ЖШС-гі Шемонаиха қаласындағы көп қабатты үйдің пәтер иелерінен электр энергиясы үшін қарызды өндіру туралы талап арызымен Шемонаиха аудандық сотына жүгінді.

Өзінің талап-арызында, көп қабатты үйдің пәтер иелері ортақ мүліктің күтіміне бағытталған ортақ шығындарды төлеуге міндетті екендігін алға тартқан, яғни кіре беріс, жертөлелердің жарығына кеткен шығындарды пәтер иелері бірлесіп төлеуге міндетті деп көрсеткен.

ШҚО Семей қалалық сотында дау бейбіт жолмен реттелді

11/07/2016

Семей қалалық сотында Н.Қарсақбаевтың Д.Өмірбайға пәтерін су басуы салдарынан орын алған материалдық әрі моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды. 

Істі сотқа қарауға әзірлеу барысында тараптар дауды медиация тәртібінде шешу туралы келісімге келді. Оның шарттары: бойынша жауапкер үш ай ішінде 180 000 теңге материалдық шығынды өндіріп беруге, ал талапкер өз кезегінде  арыз талабынан бас тартуы тиіс. 

Сот ұйғарымымен іс өндірістен қысқартылып, төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Семей қалалық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисінің тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді

11/07/2016

Семей қалалық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисінің тиімділігі» тақырыбында семинар болып өтті. Оған екінші деңгейлі банктің әрі коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

 «Сот кабинетінің» жаңашылдықтарының бірі QR-код (екі өлшемді штрих-код) арқылы электронды сот құжаттарының легитимділігін тексеру бойынша қолданушыларға арналаған сервистің іске қосылуы болып табылады.

ШҚО Күршім аудандық сотымен күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхат қаралды

11/07/2016

Күршім аудандық сотымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты қаралды.

Іс құжаттарынан, күдікті жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, соққыға жыққан. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші  ауруханада қаза болған.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

11/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А. Казеевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.Казеев өз үйінде жан-жал шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға балағат сөздер айтып, қорлаған.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

ШҚО Жарма ауданының №2 аудандық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

11/07/2016

Жарма  ауданының №2 аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.  

Сот  отырысында анықталғандай, тараптар заңды некеде тұрады, сол некеден ортақ кәмелетке толмаған бір балалары бар. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі ұрыс жан-жал болғандықтан   талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Сот талқылауы  барысында ерлі-зайыптылар медиация келісімін жасап, бір бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуға  ниеттерін білдірді.

ШҚО Шемонаиха аудандық сотында еңбек өтілін растау туралы іс қаралды

11/07/2016

Шемонаиха аудандық сотында 1993 жылдан 1997 жылдар аралығындағы еңбек өтілін растару туралы азаматтық  іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, талапкер Е.Усербаевтың зейнеткерлікке құжаттарды өкілетті органда рәсімдеу барысында еңбек кітапшасындағы жазбалар ұйымның мөрімен расталмағандығы, мұрағатта мәліметтің жоқ екендігі анықталған.      

Сот, Е.Усербаевтың арызын қарап, арызданушымен ұсынылған дәлелдемелерді зерделеп, арыздағы талаптарды заңды деп танып,  Е.Усербаевтың арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотының қаулысымен ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

11/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Байбековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  А.Байбеков қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіргендігі анықталған.

ШҚО Үржар аудандық сотында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

11/07/2016

Үржар аудандық сотында талапкер А.Акишеваның жауапкер Н.Қаржаубаевқа некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  тараптардың 1993 жылдан бастап ортақ некеде тұрып жатқандары, мінездерінің сәйкес келмегендіктен,  жауапкер жиі ұрыс-керіс шығарып, қол жұмсайтындықтан  талапкердің жанұяны сақтау мүмкін емес деген шешімге келгені анықталды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Қалиевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

11/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Б.Жексенбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, Б.Жексенбаев қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіргендігі анықталған.

Жарма аудандық сотында семинар өтті

11/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық сотында мамандар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында, кеңсе меңгерушісі М.Құсманова сот мамандарына үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның барлық талаптарын сақтау керектігін тапсырды. 

Риддер қалалық сотымен сапасыз тауардың құнын өндіру туралы талап қанағаттандырусыз қалдырылды

11/07/2016

Риддер қалалық сотымен Н.Мешкованың жеке кәсіпкер В.Кузьминге сапасыз тауардың құнын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан, талапкер жауапкерден қозғалтқышы қалыпты жұмыс істемейтін сепараторды 34 500 теңгеге сатып алған. Тауар сатушыға өткізілген, алайда ол тауарды не алмастырып бермеген, не талапкерге оның құнын қайтармаған.

ШҚО Күршім аудандық сотының қаулысымен қоғамдық тәртіпті қайталап бұзғаны үшін кінәлі деп танылды

11/07/2016

Күршім аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы  4 бөлігі (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат К.Сейсе