ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін атқару бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а. Г.Боранбаева 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Осы баспасөз мәжілісіне «Рудный Алтай» газетінің тілшісі - Эдуард Кунгурцев, «Устинка.кз» газетінің тілшісі- Ирина Николенко қатысты.

Шараның бірінші бөлімінде төрағаның м.а. Г.Боранбаева  2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған  сот жұмысын қорытындылады.

2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қаралған азаматтық істердің жалпы саны артты, егер 2015 жылдың 6 айында 160 азаматтық іс қаралса, 2016 жылдың 6 айында 206 азаматтық іс қаралған.

2015 жылмен салыстырғанда келіп түскен әкімшілік істер саны 419-ға, аяқталған әкімшілік істердің саны 389-ға азайған. Бұл заңның өзгеруімен байланысты, ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігі бойынша, әкімшілік ықпал ретінде ескерту түріндегі істерді қарауға әкімшілік құқық бұзды деп іс ашқан орган құзырына бергендігіне байланысты.

2016 жылы аяқталған қылмыстық істер саны 42 тұлғаға қатысты, 30 іс болса, 2015 жылы 31 тұлғаға қатысты 22 іс болған.

Баспасөз мәжілісінің екінші бөлімінде Г.Боранбаева сотта қолданылып жатқан, жаңадан енгізілген технологиялар туралы, медиацияны қолдану туралы толық айтып берді. Медиация тәртібімен шешіліп жатқан істердің саны артып жатқаны туралы айтылды, бұл отбасылық заңның негізімен келісілген, яғни балаларға қатысты сұрақтардың барлығы тараптардың келісімімен шешілу қажет.

Баспасөз мәжілісінің соңында төрағаның м.а. Г.Боранбаева қатысушыларға алғысын білдіріп, тілшілердің  сұрақтарына толықтай жауаптар берді.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі