Архив событий

27/07/2016

Жарма аудандық сотында азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пактісі қолданылды

27/07/2016

Жарма аудандық сотында жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы 4 қолдаухаты қаралды.

Сотталғандар өздерінің қолдаухаттарында жазаларының 1/3 бөлігін өтегендерін, жазаларын жеңілдетілген тәртіпте өтеуде болғандарын, сотталғандардың ерікті ұйым мүшесі ретінде болғандарын, марапатау алғандарын, жағымды мінез құлық дәрежелері барын көрсетті. 

Қоғамдық тәртіпті бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/07/2016

Жарма аудандық сотында Ф.Увалхановқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында Ф.Увалхановтың алкогольдік масаң күйінде «Әділжан» дәмханасына барып, дәмханада дем алып отырған адамдардың мазасын алып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, еш себепсіз дәмхана  иесіне балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Заңсыз тасымалданған балық мемлекет пайдасына тәркіленді

27/07/2016

Тарбағатай ауданының тұрғыны З.Кайнолданов жүк көлігімен 3592 килограмм көксерке балығын ешбір құжатсыз Күршім ауылына заңсыз тасымалдап бара жатқан жолда полиция қызметкерлерімен ұсталған.    

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық талаптарды сақтауға, тасымалдаған тауарға тиісті ветеринариялық құжат пен ілеспе жолдама құжаттарын алып жүруге міндетті.

Тарбағатай ауданының медиаторлары «Медиация» Заңын насихаттауда және татуласу рәсімдерін қолдануда қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды

27/07/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов Ақжар ауылдық округінде медиаторлар:Т.Омар, Т.Халықов, Т.Дуйсенов  «Медиация» Заңын насихаттауда және татуласу рәсімдерін қолдануда сүбелі үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың атынан алғыс хаттар тапсырды.

Шараға аталған ауылдық округінің әкімі А.Боғырбаев, әкімдіктің мамандары, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері, мекеме басшылары мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Риддер қалалық сотымен Халықаралық пакт нормалары қолданылды

27/07/2016

Риддер қалалық сотымен Риддер аумақтық сот орындаушылары бөлімінің ұсынысы негізінде борышкер А.Акимовтың берешегін кепілдегі мүлкіне айналдыру туралы іс қаралды.

Борышкердің үш атқарушылық парағы бойынша борышы 2 263 560 теңгені құрайды.Бір атқарушылық парағы бойынша баланың құқығы бұзылуда, өйткені борышкер алименттер бойынша 1 362 014 теңге көлемінде елеулі сома берешек, бұл сома Банк алдындағы борышынан артық.

Жарма аудандық сотында Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пактінің қолдануымен мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухаты қаралды

27/07/2016

Жарма аудандық сотында сотталған Т.Атабаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы қолдаухаты қаралды.

Үлбі полиция бөлімінде судья семинар сабағын өткізді

27/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Тұтқанбаева Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Кәмелетке толмағандардың жасаған заң бұзуы барысында туындаған дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында семинар сабағын өткізді. 

Үржар ауданының медиаторлары Медиация заңының насихатталуына үлес қосқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды

27/07/2016

Үржар аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Д.Серікбай «Медиация туралы» заңының насихатталуы мен татуластыру рәсімдерінің маңыздылығын арттыру аясында белсенді жұмыс атқарғандары үшін медиаторлар Г.Каленоваға, М.Саркулов, Т.Көкеев  және Үржар аудандық сотының судьясы М.Молдабаев Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың  атынан алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.

Сотталғанды түзеу және социалдық тәрбиелеу мақсаты орындалмаған

27/07/2016

Жарма аудандық сотымен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш хатты қараған кезде 2006 жылдың 24сәуірінде заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 қарашасындағы №91-ІІІ заңымен ратификациаланған 1966 жылғы 16 желтоқсанында БҰҰ Ассамблеясымен қабылданған Азаматтық және саяси құқытары туралы Халықаралық пактінің 10-шы бабы қолданылды, аталған бабқа сәйкес пенитенциарлық жүйесінде сотталғандарды түзету және социалдық тәрбиелеу маңызды мақсаты болып көзделеді.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары «Достық үйінде» кезекті дөңгелек үстел өткізді

27/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен «ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимаратында «Медиация -дауларды шешудің тиімді әдісі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін отыз тәулікке қамаққа алынды

27/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 610 бабы, 1 бөлігі, 611 бабы, 3 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы)  бойынша В.Луцқа қатысты әкімшілік құқық бұзушыл

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабақ өткізілді

27/07/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы  Г.Оспанова «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың жасалу сапасы» тақырыбында Риддер қаласының ІІБ-нің көші-қон полициясы қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабақ өткізді.

Семинар сабақ барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың жасалу сапасы бойынша мәселелер, іс бойынша дәлел заттарды жинау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа уақытында жолдау, көрсетілген құжаттарды  толтыру кезінде әдеп кодексін сақтау талқыланды.

Заңсыз кәсіпкерлекпен айналысқаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған

27/07/2016

Жарма аудандық сотында Т.Құсаинов пен Ж.Абулғожиновқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жарма аудандық полиция қызметкерлерімен металл қалдықтарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз қабылдайтын тұлғаларды анықтау мақсатында «Металл» атаулы жедел алдын-алу іс шаралары өткізілген. Нәтижесінде Жарма ауданының тұрғындары Т.Құсаинов, Ж.Абулғожинов рұқсат құжаттарынсыз ауыл тұрғындарынан темір қалдықтарын жинап, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандары анықталды.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дау судьяның қатысуымен медиация тәртібінде реттелді

27/07/2016

Семей қалалық сотымен Д.Нүрпеисовтің "Достар" ЖШС-нен еңбек ақысын өндіру туралы арызына қатысты азаматтық іс қаралды.

Сот  отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітті, оның шарттары бойынша жауапкер белгіленген мерзімге дейін 34 483 теңге еңбек ақы бойынша берешекті өтеуге міндеттелсе, талапкер еңбекақысын өндіру туралы өз талап арызынан әрі өсімақыдан толық көлемде бас тартуы тиіс.

Пәтер бойынша эксплуатациялық шығындарды өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

27/07/2016

Семей қалалық сотымен "Проспект Шакарима 13" ЖШС-нің   Т.Адилбековадан  пәтер бойынша эксплуатациялық шығындарды өндіру туралы арызына қатысты азаматтық іс қаралды.

Сот  отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітті, оның шарттары бойынша жауапкер 13 520 теңге берешек пен мемлекеттік баж салығы төлемін өтеуге міндеттелді.   

Сотпен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды

27/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша А.Куприяновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Купринов алкогольдік ішімдік ішу барысында жанжал туындау салдарынан жәбірленушінің желкесінен 2 рет соққы жасағаны анықталып, сарапшының қорытындысына сәйкес ол денсаулыққа ауыр зиян келтірген деп сараланды. Сарапшының қорытындысына сәйкес А.Куприянов қылмыс жасау кезінде созылмалы психикалық ауруына байланысты ақыл есі дұрыс емес деп танылды.

Өскемен қаласының тұрғыны тонау жасауға оқталғаны үшін сотталды

27/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 24 бабы, 3 бөлігі, 191 бабы, 2 бөлігі 1,3,4 тармағы (тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған әрекеттер) бойынша В.Белоусовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.