Заңсыз тасымалданған балық мемлекет пайдасына тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының тұрғыны З.Кайнолданов жүк көлігімен 3592 килограмм көксерке балығын ешбір құжатсыз Күршім ауылына заңсыз тасымалдап бара жатқан жолда полиция қызметкерлерімен ұсталған.    

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық талаптарды сақтауға, тасымалдаған тауарға тиісті ветеринариялық құжат пен ілеспе жолдама құжаттарын алып жүруге міндетті.

Сот З.Кайнолдановты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Аталған бап негізінде З.Кайнолдановқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 21 210 теңге айыппұл салынып, заңсыз тасымалдаған 3592 килограмм көксерке балығы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданыының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі