Үржар ауданының медиаторлары Медиация заңының насихатталуына үлес қосқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Д.Серікбай «Медиация туралы» заңының насихатталуы мен татуластыру рәсімдерінің маңыздылығын арттыру аясында белсенді жұмыс атқарғандары үшін медиаторлар Г.Каленоваға, М.Саркулов, Т.Көкеев  және Үржар аудандық сотының судьясы М.Молдабаев Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың  атынан алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.

Сот төрағасы құттықтау сөзінде медиаторларға денсаулық, еңбекте табысты болуларына тілегін білдірді. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Медиация туралы» заңды қолданумен қаралған істердің саны артып келе жатқанын және аталған заңның қолданылу аясының кеңейтілуінің маңызы зор екенін атап өтті.

Шараның соңында сот төрағасы Медиация заңының және  татуластыру рәсімдерін қолданылу аясын кеңейтуге  үлес қосуға шақырды.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі