Архив событий

22/07/2016

Медиация тәртібімен азаматтық іс қысқартылды

22/07/2016

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотына талапкер З.Рахимов жауапкер С.Билялов сенім хатпен меншігіндегі автокөлігін есептен шығаруға және сатуға алғанын, соның салдарынан өзінен талап етілген тиісті 157 450 теңге салық сомасын жауапкерден өндіріп, автокөлікті есептен шығаруды міндеттеуді сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды өзара медиативтік келісімге келіп реттеу туралы арыз ұсынып,  медиативтік келісімді бекітуді сұрады.   

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жазаланды

22/07/2016

Тарбағатай ауданының  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған Б.Құмашовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Б.Құмашовтың автокөлігін алкогольдік спирттік ішімдік ішкен масаң күйде басқарғаны өз дәлелін тапты.

Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы іс қаралды

22/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талапкер жауапкермен заңды некеде тұратыны, ортақ некеден үш бала барын, осы жылдары үйде ішімдік ішіп, үнемі жанұя шырқын бұзып, бірге тұруға мүмкіншілік қалмаған соң некені бұзуды сұрады. Ерлі-зайыптылар арасында дүние-мүлікті бөлу туралы және балаларының ата-анасымен қалу туралы даулары жоқ.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

22/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат А.Айтқазинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін сотталды

22/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 190 бабы, 3 бөлігі, 1,3 тармағы   (алаяқтық, ірі мөлшерде екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған) бойынша И.Спамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, И.Спамбетова дүкенде әкімші қызметін атқарып жүріп, дүкенге дыбыс-бейне бақылау орнату үшін, сауда орнын жалға алу үшін, бөлімді кеңейту үшін деп 19 жәбірленушіден ақша алған.

Өскемен қаласының тұрғынымен басқару тәртібіне қарсы құқық бұзушылық жасалған

22/07/2016

 

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 378 бабы, 2 бөлігі, 379 бабы, 1 бөлігі, 380 бабы, 1 бөлігі (билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау, билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша Е.Садықовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Е.Садықов дәмханада келеңсіз әрекет жасағанына байланысты учаскелік инспектор оған ескерту жасаған, ескерту жасағандығы үшін оған тіл тигізіп, күш қолданған және полиция бөліміне барудан бас тартқаны анықталды.

Алименттік міндеттемелерін орындамағаны үшін бас бостандығы шектелді

22/07/2016

Риддер қалалық соты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139 бабымен (ата-анасының сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан аса қасақана жалтаруы)    азамат А.Дригаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/07/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Д.Нұрсеитовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат Д.Нұрсеитов өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Берешек өндіру туралы азаматтық іс медиативті келісім бекітумен қысқартылды

22/07/2016

 Үржар аудандық сотымен  А.Ивановтың жауапкер С.Романенкоға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Сотта  тараптардың арасында  өзара 600 000 теңге  қарыз беру туралы  келісім шарт жасалғаны, оның шарттарына сай жауапкер талапкердің сұраған уақытында қайтаруға міндеттелгендігі анықталды. Алайда, уәделі уақыт өтсе де жауапкер өз міндетін орындамай ғана қоймай,  міндеттемесін орындауға ешқандай әрекет жасамаған.

Өскемен қаласының №2 соты «Медиация: 2016 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

22/07/2016

Өскемен қаласының №2 соты ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимаратында «Медиация: 2016 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Медиаторлар ерлі-зайыптыларды татуластырды

22/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 108 бабы (қасақана денсауллыққа жеңіл зиян келтіру) бойынша А.Кунцқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Кунц алкогольдік масаң күйде өзімен  бірге тұратын азаматшаның бетіне соққы жасағаны анықталды.

Сот өндірісі медиация тәртібінде жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты сот қаулысымен А.Кунцқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

Семей қаласы №2 сотының судьясы «Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңын насихатау» тақырыбында брифинг өткізді

22/07/2016

Семей қаласы №2 сотының судьясы Т.Құдайбергенова «Медиация туралы» заңын насихатау бойынша «ТВК-6» телеарна тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Сот иттің қауып алуы салдарынан денсаулыққа келтірілген залал шығынын өндірді

22/07/2016

Семей қалалық сотымен материалдық әрі моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер А.Беленкова кәмелеттік жасқа толмаған баласына қатысты мүддесін құрғауда, А. Вощакиннің  серуендеуге босатылған «Алабай» тұқымдас төбеті ұлын қауып алғандығын айтып, сотқа жүгінген. Соның салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған бала дене жарақатын алатып, денсаулығына жеңіл түрде залал келтірілген. 

Дау медиациялық келісім тәртібімен реттелді

22/07/2016

Үржар ауданы №2 аудандық  900 000 теңге жалға алынған ғимараттың ақшасын өндіру жане моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан,  тараптар ғимаратты жалдау жөнінде  келісім шарт жасасып, шарттың талаптары орындалмауына байланысты осы шартты бұзған, алайда  жауапкер  мүлікті жалдау төлемін кайтарудан бас тартқан.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартуды сұраған.

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

22/07/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің  73 бабының 1 бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) азамат А.Мұратбековке қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен...

22/07/2016

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) қарастырылған құқықбұзушылықты жасаған Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, РФ азаматы  көлік құралын басқара отырып, Өскемен қаласында жаяу жүргіншілер жолағында жаяу жүргіншіге жол бермей, көлігімен қағып кеткен.

Халықпен кездесу өтті

22/07/2016

Ұлан аудандық соты азаматтардың құқықтық мәдинетін көтеру, әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген  сенімін қамтамасыз ету және «Медиация туралы» Заңның ережелері мен нормаларын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күнін өткізді» өткізді.

Сотта ерлі зайыптылар медиациялық келісім жасады

22/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша А.Литвиновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Литвиновтың өзінің әйеліне дене жарақатын келтіргендігі анықталды.

Сот өндірісінде медиация тәртібінде жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты сот қаулысымен А.Литвиновқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

Отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал медиатордың көмегімен шешілді

22/07/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73 бабының 2 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  үшін жауапқа тартылған Н.Бочковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Н.Бочков алкогольдік масаң күйінде бұрыңғы азаматтық жұбайына келіп жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты. Тараптар  сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді ұсынды.

Билік өкілін қорлау, бағынбау және күш қолдану

22/07/2016

Бородулиха аудандық сотымен Ресей Федерациясының Ш.есімді азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы,1-бөлігі, 379-бабы, 1-бөлігі, 380-бабы, 1-бөлігі (билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану, қорлау, бағынбау) бойынша қылмыстық іс қаралды.

ШҚО Үржар аудандық сотында медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

22/07/2016

Үржар аудандық сотымен А.Сыдыкованың  жауапкер Р.Мауленоваға (аты-жөні, тегі өзгертілген)  қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың арасында  700 000 теңге  қарыз беру туралы  келісім болған, оған қоса талапкер 4-5 айлық болатын 4 бас бұзауын, әр біреуін 75 000 теңгеден бағалап, барлығы 300 000 қарызға сатқандығы анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындалды

22/07/2016

Ұлан  аудандық соты ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) жинақталған әкімшілік істі қарады.

Алкогольдік өнімді өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылды

22/07/2016

Үржар ауданы№2 сотында ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған  С.Құмғановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, дүкен сатушысы С.Құмғанова түнгі сағат 23.00-ден кейін алкоголь өнімін сатқандығы анықталды. Осы әрекетімен ол Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Глубокое аудандық сотында «Сот мұрағатының жұмысы» тақырыбында семинар өткізілді

22/07/2016

Глубокое аудандық сотында кеңсе мамандарының арасында «Сот мұрағатының жұмысы» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырыпта жетекші маман М.Дзюба баяндама жасады. Соттардағы мұрағат жұмысы іс жүргізудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, мұрағат жұмысының сапалы деңгейі маңызды көрсеткіштердің  бірі екендігін атап өтті.  

Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау

22/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі заты кептірілген марихуананы өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау, сақтау және оның ірі мөлшерін өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін  айыпталған А.С.Драченинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды

22/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы, 6 бөлігімен (Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ тұлғаның, алкогольдік масаң күйінде көлік  жүргізуі) К.Тоқтасыновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, К.Тоқтасынов көлік  жүргізу куәлігінсіз, яғни көлік басқару құқығынсыз алкогольдік масаң күйінде  көлік басқарған. Жолда полиция қызметкері тоқтатқан.