Медиация тәртібімен азаматтық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотына талапкер З.Рахимов жауапкер С.Билялов сенім хатпен меншігіндегі автокөлігін есептен шығаруға және сатуға алғанын, соның салдарынан өзінен талап етілген тиісті 157 450 теңге салық сомасын жауапкерден өндіріп, автокөлікті есептен шығаруды міндеттеуді сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды өзара медиативтік келісімге келіп реттеу туралы арыз ұсынып,  медиативтік келісімді бекітуді сұрады.   

Сот ұйғарымымен дауды медиация   тәртібімен реттеу  туралы  келісім  бекітіліп, азаматтық іс  бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот ұйғарымымен арыз берушінің  төленген 1 575 теңге мемлекеттік баж төлемі қайтарылды.

Сот  ұйғарымы  заңды  күшіне  енген  жоқ.

 

Тарбағатай  ауданының

 №2  аудандық сотының  баспасөз  қызметі