Архив событий

01/07/2016

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының халықаралық сарапшысы ШҚО №1 Ювеналды сотында болды

01/07/2016

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының халықаралық сарапшысы, (Швейцария) судья Урсина Вейнхунд  Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болып қайтты.

Риддер қалалық сотында медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

01/07/2016

Риддер қалалық сотымен азаматша Т-ның жеке шағымы бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107 бабының 1 бөлімімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауы кезінде кәсіби медиатордың қатысуымен жеке айыптаушыдан және сотталушыдан татуластыру рәсімі келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты қылмыстық іс өндірісі қысқартыды. Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік шара қолданылды

01/07/2016

Жәбірленуші Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша сот отырысының мерзімі мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланса да, сотқа келмеген.

Сот осы іс-әрекетін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 653 бабының 1 бөлімі бойынша дәлелді себепсіз сотқа келмеуді  сотқа құрметтемеушілік білдіру деп таныды.

20 тәулікке қамауға алынды

01/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлігі бойынша, яғни көлік құралдарын басқару  құқығы жоқ адамның алкогольдік масаң күйінде көлікті басқарған А.Чернякқа қатысты  әкімшілік  іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынсыз, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізу  кезінде ұсталғаны анықталды. Оған қоса көлік құралы басқа адамға тиесілі болған.

Жарма аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/07/2016

Жарма аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек сүтел жұмысына судья Л.Ақалаева, кеңсе меңгерушісі М.Кұсманова, бас мамандар А.Затаев, Д.Ибраимова, М.Серікбаева, бас мамандар – сот мәжілісінің хатшылары Д.Сыдықова, Р.Амангельдинова, жетекші маман А.Садуақасов, Әділет департаментінің Жарма ауданы бойынша сот актілерін орындау бөлімінің басшысы А.Шагирова қатысты.

Мектеп директоры қадағалаушы мемлекеттік органның заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/07/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабының 3 бөлігі (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамау) бойынша  Б.Тұратауовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Б. Тұратауов орта мектеп директоры бола тұра Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы инспекциясының мемлекеттік сатып алу аясында өткізілген конкурстың күшін жою туралы нұсқамасын орындамағандығы анықталды.

Айыппұл салу түріндегі әкімшілік шара қолданылды

01/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.Ракишевке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

«Медиацияны қолдану тәжерибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

01/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Медиацияны қолдану тәжерибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға  мемлекеттік мекемелердің  өкілдері  және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстел  жұмысын сот төрағасы А.Аринова ашып, өз сөзінде, бұл іс шараны өткізудегі негізгі мақсат  медиация заңының қолданысқа енгізілу аясын кеңейту деп атап көрсетті.

Күршім аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

01/07/2016

Күршім аудандық сотында мемлекеттік органдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру тақырыбында «Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күніне Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған жастар қатысты.

Сот шешімімен мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберілді

01/07/2016

«Күршім  ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК А.Иманғалийды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызбен Күршім аудандық сотына жүгінген.  

Азамат А.Иманғалий спирттік ішімдікті жиі қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2015 жылдан бастап, нарколог дәрігерде диспансерлік есепте тұр. Өткізілген маскүнемдікті алдын алу туралы сұхбаттарға назар аудармаған.

Сотта татуласты

01/07/2016

Күршім аудандық сотына талапкер Е.Тұтқамбаев  жауапкер А.Калдешовтан  қарыз өндіру туралы талап арызбен жүгінген.  

Сотта, жауапкер талапкерден 35 000 теңге қарызға ақша алып, осы уақытқа деиін қайтармағандығы анықталды.

Төрағалық етуші  тараптарға  құқылары мен міндеттері,  сондай-ақ тараптар арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту жөнінде түсіндіргеннен кейін, тараптар сотқа  медиациялық келісім  ұсынды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін айыпталды

01/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚтК-нің 461 бабымен (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А.Иванченкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  А.Иванченко өз  үйінде  спирттік ішімдік ішкен күйде зайыбына қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзғандығы анықталды.