Мектеп директоры қадағалаушы мемлекеттік органның заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабының 3 бөлігі (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамау) бойынша  Б.Тұратауовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Б. Тұратауов орта мектеп директоры бола тұра Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы инспекциясының мемлекеттік сатып алу аясында өткізілген конкурстың күшін жою туралы нұсқамасын орындамағандығы анықталды.

Алайда, Б. Тұратауов лауазымды тұлға бола тұра, басқа қатысушымен біржақты тәртіпте конкурс бойынша келісім-шарт жасасып қойғанын айтып, аталған нұсқаманы орындамаған.

Сот қаулысымен Б.Тұратауов әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі