Күршім аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында мемлекеттік органдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру тақырыбында «Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күніне Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған жастар қатысты.

Сот төрағасы Е.Шымыров «Ашық есік күні» іс-шараға келген жастарға мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызметке тұру тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, сот ғимаратында экскурсия ұйымдастырды.

Сот төрағасы өз сөзінде өткізілген шараның студенттердің сот жүйесінің жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырып және олардың келешекте мамандықты дұрыс таңдауда зор ықпал ететіндігін айтты.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі