Айыппұл салу түріндегі әкімшілік шара қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.Ракишевке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта, К.Ракишев өзінің басқаруындағы көлік құралымен басты жолға шығу барысында басты жолмен қозғалып келе жатқан автокөлікке жол бермеу салдарынан аталмыш көлік құралымен соқтығысқан, сол әрекеті арқылы көлік иесіне матеиалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен  К.Ракишев ӘҚБтК 610-бабы, 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін   кінәлі деп танылып,  әкімшілік шара ретінде 10 АЕК яғни, 21 210 теңге ақша соммасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі