Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін айыпталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚтК-нің 461 бабымен (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А.Иванченкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  А.Иванченко өз  үйінде  спирттік ішімдік ішкен күйде зайыбына қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзғандығы анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А.Иванченко Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461 бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ерекше талаптар  белгіленумен қатар, екі тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі