Жарма аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек сүтел жұмысына судья Л.Ақалаева, кеңсе меңгерушісі М.Кұсманова, бас мамандар А.Затаев, Д.Ибраимова, М.Серікбаева, бас мамандар – сот мәжілісінің хатшылары Д.Сыдықова, Р.Амангельдинова, жетекші маман А.Садуақасов, Әділет департаментінің Жарма ауданы бойынша сот актілерін орындау бөлімінің басшысы А.Шагирова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында айыппұлдарды, мемлекеттік баждарды, мемлекеттің пайдасына соммаларды өндіру бойынша сот актілерін орындаудың қыйындықтары және тағы да басқа өндіріс түрлері бойынша сот актілерінің орындау қыйындықтары, осы түйіткілден шығар жолдары талқыланды. Мүлікті тәркілеу туралы сот актілерінің орындалуына баса назар аударылды.

Сот актілерін орындау мақсатында өткізілетін шараларды өткізу жобалары, нақты айтса рейдтер, елді мекендерге борышкерлердің мекен- жайларына бару, тағы басқа мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстел барысында судья Л.Акалаева статистикалық мәліметтерге назар аударды, 2015 жылдың аяғында орындалмаған сот актілердің саны 374 болса, 2016 жылдың өткен 6 айында олардың саны 232 қысқарған, яғни аталған мерзім аралығында 142 сот актісі орындалған.

Сот орындаушылар өз кезегінде барлық айтылғанды назарға алып, өз тарапынан сот актілерін орындау үшін заңмен көзделген барлық шараларды орындап, барлық заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша орындалу сапасын жақсартатындықтарын атап өтті.

 

Жарма ауданының сотының

баспасөз қызметі