Сот шешімімен мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Күршім  ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК А.Иманғалийды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызбен Күршім аудандық сотына жүгінген.  

Азамат А.Иманғалий спирттік ішімдікті жиі қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2015 жылдан бастап, нарколог дәрігерде диспансерлік есепте тұр. Өткізілген маскүнемдікті алдын алу туралы сұхбаттарға назар аудармаған.

Оған қоса, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделеді, өз еркімен емделуден бас тартқан, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық туралы жауаптылыққа тартылған.

ҚР «Алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықпен ауратын ауруларды мәжбүрлеп емдеу туралы» Заңын басшылыққа алып, сот А.Иманғалийды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы шешім етті.

Шешім занды күшіне енген жоқ.  

 

Күршім  аудандық сотының

баспасөз қызметі