20 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлігі бойынша, яғни көлік құралдарын басқару  құқығы жоқ адамның алкогольдік масаң күйінде көлікті басқарған А.Чернякқа қатысты  әкімшілік  іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынсыз, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізу  кезінде ұсталғаны анықталды. Оған қоса көлік құралы басқа адамға тиесілі болған.

Сот қаулысымен А.Черняк әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  20  тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі