Архив событий

08/07/2016

ШҚО Үржар ауданында «Жаңа АПК: Татуласу рәсімдері – насихаттау, дамыту шаралары, қылмыстық және азаматтық сот өндірісінде қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/07/2016

Үржар ауылындағы Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Жаңа АПК: Татуласу рәсімдері – насихаттау, дамыту шаралары, қылмыстық және азаматтық сот өндірісінде қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Медиация: оның даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/07/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Авиценна» медицина колледжінде «Медиация: даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысында «Авиценна» медицина колледжінің оқытушылар құрамы, сонымен қатар директоры О.Федорова қатысты.

Сот төрағасы Р.Ақпар өз сөзінде татуластыру рәсімдерінің дамуы азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауда және дауларды реттеу механизмдерінің ішіндегі басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстандағы медиация» тақырыбында дәріс өткізілді

08/07/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстанда медиация» атты тақырыбында дәріс оқылды.

Аталған шараға Катонқарағай ішкі істер полиция бөлімінің қызметкерлері Р.Самарханов, Е.Альханов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Қ.Түгелбаева, аудандық адвокат Б.Құсаинова  және аудандық сот қызметкерлері қатысты.  

Өскемен қаласының №2 сотымен медиативтік келісім бекітілді

08/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотымен азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндірілуде.

Семей қаласының ювеналды сотында медиативті келісім бекітілді

08/07/2016

Семей қаласының Ювеналды сотымен азаматтар арасында татуластыру рәсімдерін тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан татуластыру рәсімдерін халық арасында насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында аталған тақырыпта 22 мақала, 13 дөңгелек үстел мен семинар, телеарналар мен радиода 3 ақапарттық материал, ресми сайтта 12 ақпарат жарияланып, барлығы 50 іс-шара атқарылған.

Бүгінгі күнде сотта барлығы 40 іс медиация тәртібімен қаралған, бұл жалпы аяқталған істің 40 пайызын құрайды.

Жарма аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

08/07/2016

Жарма аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ж.Қабақовқа  қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс-құжаттарынан, Ж.Қабақов  қоғамдық орында азамат В.Еременкомен жан-жалдасып, оған балағат сөздер айтқан.

Сот қаулысымен Ж.Қабақов  ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  мемлекет пайдасына 21 210 теңге айыппұл салу түріндегі  әкімшілік жаза тағайындалды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

08/07/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов «Бесқарағай аудандық сотының 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Аталған шараға ауылдық округі әкімі Н.Беленкова, әйелдер қоғамының төрайымы Л.Запрягаева, кәсіби емес медиатор Л.Егорова қатысты.

ШҚО Глубокое аудандық сотында азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

08/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен Л. Афанасьеваның А.Афанасьевке неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Сотта істі қарау барысында  тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу арқылы отбасын сақтап қалды, осыған байлансты медиация тәртібімен келісімге  жасап, сотқа ұсынды.

Сот ұйғарымымен іс бойынша өндіріс қысқартылды.Талапкерге төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО сотымен қызғаныштан адам өлтіргені үшін сотталды

08/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі, 106-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша айыпталған Б.Нығметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен дене жарақатын келтіргені үшін сотталды

08/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша С.Шабалинге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, дәмханада алкоголдік ішімдік ішу барысында С.Шабалиннің жәбірленушімен араларында жан-жал туындап, С.Шабалин сыраның ыдысымен жәбірленушінің басынан соққы келтіргені анықталды. Кейін оқиға болған жерден жасырынып қалған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, келтірілген дене жарақаты - денсаулыққа ауыр зиян келтірілген деп танылған.

ШҚО Күршім аудандық сотының қаулысымен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды

08/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекетті бір жыл ішінде қайталап жасау) азамат К.Сейсеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Зырян аудандық сотының қаулысымен алкоголь өніміне ілеспе құжаттарды рәсімдеу және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

08/07/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 282-бабы, 3-бөлігінің 7 тармақшасымен (этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық)әкімшілік іс қаралды.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп танылды

08/07/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен (Көлікті масаң күйінде жүргізу) С.Марковскийға және А.Прокопьевқа қатысты 2 әкімшілік іс қаралды.

Іс материалынан, А.Прокопьев алкогольдік масаң күйінде көлікті басқару кезінде полиция қызметкерімен ұсталған.

Сотта екеуі де өз кінәләрін толық мойындады, сот екеуіне де көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айыру жазасын белгіледі.

Каулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының шешімімен мүлік тиым салудан босатылды

08/07/2016

Өскемен қалалық сотында мүлікті тиым салудан босату туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, талапкер атқару өндірісі бойынша аукционнан өзіне пәтер сатып алғандығы анықталған. Аукционның нәтижесі бойынша талапкер және сот орындаушымен  пәтерді сатып алу шарты бойынша келісім шарт шасасқан, бұл талапкерге мемлекеттік мекемеден мүлікті сатып алу құқығына ие болуына негіз болады.

Медиациялық келісім бойынша жұмысқа қайта орналастырылды

08/07/2016

Өскемен қалалық сотында Г. Қабышеваның  «Стоматолог» ЖШС-не еңбек шартын тану, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану және  еріксіз жұмыссыз жүрген уақыты үшін еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

08/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа берілген Т.Наймановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Т.Найманов көлік құралын басқару құқығынан 6 жылға айырылғаны анықталды.

Алайда, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

ШҚО Глубокое аудандық сотында «Сот актілері мен сот мәжілісінің хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өткізілді

08/07/2016

Уақытынан кеш шешімдерді ұсыну және сот мәжілістерінің хаттамаларын бағдарламаға енгізуде азаматтардың арыздары мен шағымдарын алдын-алу мақсатында Глубокое аудандық сотында «Сот актілері мен сот мәжілісінің хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Б. Амиров өз сөзінде,  судьялар мен сот мамандарының назарын сот актілері мен сот мәжілісінің хаттамаларын «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізу қажеттілігіне аударды. Тараптарға істер бойынша сот актілерін уақытында ұсынуды талап етті.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен денсаулыққа жеңіл зиян келтiргені үшін сотталды

08/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша Р.Сайдымоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Р.Сайдымова бұрын қалыптасқан ұнатпаушылығы  болғандықтан азаматша З.-ның желкесіне қолымен соққы келтіргені анықталды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Сот үкімімен  Р.Сайдымова денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып,  53 025 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға сотталды.