Архив событий

19/07/2016

ШҚО Жарма аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

19/07/2016

Жарма аудандық соты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген жоғары сенімін қамтамасыз ету және «Медиация туралы» Заңның ережелері мен нормаларын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат С. Яковенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С.Яковенконың бірге тұратын зайыбына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

19/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Е.Хасеновке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Болашақ заңгерлерге «Ашық есік күні» өткізілді

19/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан-Американдық еркін Университетінің «Заңтану» факультетінің студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Студенттер сот ғимаратына экскурсия жасап, ақпараттық тақталар мен келушілерге арналған күту залымен танысты. Сонымен қатар, болашақ заңгерлер кеңсе жұмысымен, ақпараттық дүңгіршек жұмыстарымен жақын танысып, медиация кабинетінде болды. Жаңа дыбыс-бейне жазу құрылғылармен жабдықталған сот отырысының залдарында болып, «Төрелік» бағдарламасымен танысты.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

19/07/2016

Абай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен көзделген (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) құқық бұзушы А.Мұхаметжановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

19/07/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабы 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) Р.Тихоноваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қару сақтағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

19/07/2016

Зырян аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482 бабы 1 бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) Н.Остриковаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Н.Остриковтың тегіс ұңғылы аңшылық қаруды үйінде Ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтағандығы анықталды. Осы әрекетімен ол азаматтық қаруды сақтау ережесін бұзған.

Кәсіпкер жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізгені үшін әкімшілік жазаға тартылды

19/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабы 1 бөлігі (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша жеке кәсіпкер А.Зейноллинаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, жеке кәсіпкер А.Зейноллина жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізгені анықталды.

Қылмыстық іс процессуалдық келісім қолданумен қаралды

19/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қылмыстық Кодексінің 189 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, егер адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша Д.Дүйсенбаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тарбағатай аудандық сотында материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

19/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында талапкер М.Салқынбаевтың жауапкер Г.Бекбаевадан жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық зиянды  өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот бұйрығымен алимент өндірілді

19/07/2016

Тарбағатай аудандық сотына азаматша Т.Қалымбекова борышкер М.Исахановтан алимент өндіру үшін сот бұйрығын шығару туралы арызбен жүгінген.

Жүргізуші есірткілік масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

19/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С.Фунтовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, С.Фунтов есірткілік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталынған.

Глубокое аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт жолмен шешілді

19/07/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)   қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған А.Ляпуновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта,  А.Ляпуновтың өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.