Архив событий

29/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға сот төрағасы, Бесқарағай аудандық прокуроры Е.Кошкин, Бесқарағай аудандық ішкі  істер бөлімінің орынбасары Н.Кайсин, лицензиялық-рұқсат беру қызметінің жауапты маманы Д.Сеилгазин, пробация қызметінің басшысы Е.Усербай, Бесқарағай аудандық кірістер басқармасының басшысы А.Сағатбеков қатысты.

Бесқарағай аудандық сотында семинар сабағы өтті

29/07/2016

Беқарағай аудандық сотында Бесқарағай ауданының нотариусының қатысумен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актіліріне сот төрелегі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданысқа енгізілуі» тақырыбында кезекті семинар сабағы өтті.   

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

29/07/2016

Бескарағай аудандық сотымен ӘҚБтК 73 бабының, 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  үшін жауапқа тартылған К.Подгорнаяға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

К.Подгорная алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, анасына қатысты былапыт сөздер айтқаны сотта анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

29/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық соты  ӘҚБтК-нің 434 бабының, 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер)  К.Садвакасовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды

29/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы, 6 бөлігімен (көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ тұлғаның, алкогольдік масаң күйінде көлік  жүргізуі) А.Құрбатовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.          

Іс материалдарынан, А.Құрбатов көлік  жүргізу куәлігінсіз, яғни көлік басқару құқығынсыз алкогольдік масаң күйінде  көлік басқарған. Жолда полиция қызметкері тоқтатқан.

ҚР аумағынан шығарылды

29/07/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 496 бабы, 2 бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау)  құқық бұзушылықты жасағаны үшін Е.Томиловаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде, құқық бұзушы бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған, кейін Ресей Федерациясына барып азаматтығын алып, шетел азаматтығын алғаны туралы Қазақстан Республикасының ІІБ және шет елдердегі мекемелеріне хабарламағаны, жеке куәлігін тапсырмағаны анықталды.

Глубокое аудандық сотында брифинг өткізілді

29/07/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Б.Амиров «ҚР «Медиация туралы» Заңын қолданудың тиімділігі» тақырыбында брифинг өткізді.

Шара барысында БАҚ өкілдерінің назарына «Медиация туралы» Заңын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер өндірісінде қолдану мәселесі жөнінде айтылды.

Жанжал медиация тәртібімен реттелді

29/07/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  үшін жауапқа тартылған Н.Жетембековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Н.Жетембековтың алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы сотта анықталды.  

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді ұсынды.  

Тараптар медиация арқылы татуласты

29/07/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат Н.Джамашовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

29/07/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат А.Берлибаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дау медиация тәртібінде реттелді

29/07/2016

Риддер қалалық сотымен А.Загидуллинаның Л.Колошинаға жауапкердің иті кәмелетке толмаған баласын қауып алғанына моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша   азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы арызбен жүгінген, оның шарттары бойынша жауапкер итінің талапкердің баласын қауып алғанына моральдық шығынды және материалдық зиянды толтыру есебіне 50 000 теңге төлейді, ал талапкер өз талаптарынан бас тартады.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында екі әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/07/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73 бабы, 1 бөлігі бойынша  2 әкімшілік іс қаралды, оның әрекеттері отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған деп көзделген.

Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы

29/07/2016

Катонқарағай аудандық сотында «ҚР «Медиация туралы» Заңы, медиация тәртібін сот төрелігінде қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараға Катонқарағай ауданының прокуроры Т.Даулетқанов, ІІБ-нің қызметкері К.Абенов және адвокат А.Құманов, Б.Құсаинова қатысты. 

Іс шара барысында Катонқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. К.Садуакасова «Медиация келісімін сот ісін жүргізуде қолдану, медиатор және оның атқаратын ролі» атты тақырыбында баяндама жасады.

Әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды

29/07/2016

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған  (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) туралы әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат Б.Қонқаев  алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өз үйіне келіп, отбасының мазасын алып, жұбайын балағаттап, ар-намысына тиіп, отбасы шырқын бұзғандығы анықталды.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық теріс қылық жасаған

29/07/2016

ШҚО Күршім аудандық сотымен Н.Әдікке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 379-бабының 1-бөлігімен (Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) берілген қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Н.Әдік мотоциклді мемлекеттік нөмірсіз және тиісті құжаттарынсыз басқару кезде тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Сот үкімімен Н.Әдік ҚР ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК есептік көрсеткіш көлемінде 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Семей қаласы № 2 сотының судьясы Г.Биназарова «Сотқа жіберілетін материалдардың сапасымен, рәсімдеу тәртібі» тақырыбы бойынша дәріс оқыды

29/07/2016

ОВ-156/14 мекемесінде Семей қаласы №2 сотының судьясы Г.Биназарова «Сотқа жіберілетін материалдардың сапасы мен рәсімдеу тәртібі»  тақырыбында дәріс оқыды.

Осы шараны Семей қаласы №2 сотының судьясы Г.Биназарова ашып, мекеме қызметкерлерінің назарына сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату өтініштері, жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру, ауруына байланысты босату материалдарының дұрыс рәсімделуі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6, 55-баптарының қолданылуын түсіндірді.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында семинар өткізілді

29/07/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының 2016 жылдың 2-жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарын орындау барысында, соттың ұйымдастыруымен «Азаматтық процестің мақсаттары мен қағидалары» тақырыбында мемелекеттік органдардың өкілдеріне семинар өткізілді.

«Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты «Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» тақырыбында медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында судья С.Жүніспекова сот отырысына дайындық кезеңінен бастап сот тараптарға татуласу келісімі құқығын түсіндіруге міндетті екенін атап өтті, өйткені бұл азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі болып табылады. Кодекске сәйкес талап қоюшыға  төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтарылатыны түсіндірілді.

«Медиация туралы» Заңды насихаттау

29/07/2016

Үржар аудандық сотының  төрағасы Д.Серікбай  «Медиация туралы» Заңды насихаттау мақсатында Үржар ауданының Салқынбел ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған шарада ауылдық округтердің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

Медиация тәртібінде қысқартылды

29/07/2016

Үржар ауданының №2 сотында А.Құсаиновқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлімімен жинақталған әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды.

Сотта анықталғанындай А.Құсаинов алкогольдік масаң күйде өз үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің некедегі жарын  балағаттаған, яғни өзінің іс әрекеттерімен өзімімен тұратын отбасы тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Сот актілерінің орындалу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

29/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьясы К.Салбанова, соттың кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова, соттың бас маманы Д.Кашкинбаева, Өскемен қаласының әкімшілік айыппулдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бойынша АБ-нің аға сот орындаушысы А.Илиясов, мемлекеттік сот орындаушы Р.Нұрғожин, Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Бердыкенов, ШҚО  Жеке сот орындаушылар Палата басшысының орынбасары К.Тунгушбаев қатысты.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстанның әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот медиациясының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Молдағожина Семей қаласының Достық үйінде «Әкімшілік өндірісте Медиацияның маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға  «Достық үйі» басшысы А.Тлеубаев, Достық үйінің өкілдері, медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, судья А.Молдағожина дауды шешудің балама түрі ретінде әкімшілік өндірісте Медиациянің қолданудың қазіргі қоғамда қажеттігімен мәні туралы айтты.

Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін әкімшілік қамауға алынды

29/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  А.Васильевке қатысты әкімшілік іс қаралды.