Архив событий

07/07/2016

Өскемен қалалық сотының төрағасы сот ұжымын «Астана күнімен» құттықтады

07/07/2016

Өскемен қалалық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Өскемен қалалық сотының судьялар және сот мамандары қатысты.

Іс-шараны ашқан Өскемен қалалық сотының  төрағасы Б.Тайтөлеуов бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің нышаны, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы екенін атап өтті.

ШҚО сотымен аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін сотталды

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 28 бабы 5 бөлігі, 297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармақтарымен  (алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтауға көмектесу және өткізу қарастырылған қылмысты жасағаны үшін  айыпталған Т.Шушеникова мен И.Поморзинаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

ШҚО Глубокое аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастағы дау медиация тәртібінде реттелді

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 73 бабының 1 бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Н.Макишеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Р.Макишев өз үйінде жан-жал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, қорлағандығы анықталды.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге келді, осыған байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотымен қылмыстық істерді медиация тәртібінде қарау қорытындыланды

07/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотында 2016 жылдың 6 айында барлығы 667 қылмыстық істер қаралып, оның 109 қылмыстық ісі медиация тәртібінде қысқартылды, бұл 16,3 % құрайды.

2015 жылдан бастап сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін медиация бөлмесі жұмыс атқаруда. Күту залында, медиация рәсімін түсіндіру  жайлы  ақпарат көрсетілетін теледидар орнатылған.

Өскемен қаласының №2 сотымен Достық үйінде үнемі дөңгелек үстелдер, семинарлар және кездесулер өткізілуде.

ШҚО Курчатов қалалық сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабынының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат В.Бурцевке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, В. Бурцев Курчатов қаласының көшелерінің бірінде көлік құралын  алкогольдік масаң күйде басқарған.

Заңсыз оқ-дәрі сақтағаны үшін үшін қылмыстық жазаға тартылды

07/07/2016

Зайсан аудандық сотында ҚК-тің 287-бабының 3-бөлігімен айыпталған (Қаруды оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) Ж.Қалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ж.Қалиевтың үйінің ауласында орналасқан лапас астында заңсыз сақталған  5 дана оқ-дәрілер алынған, бұл оқ-дәрілерді Ж.Қалиев басқа ауыл тұрғынынан алып, өзі иемденіп, заңсыз сақтағандығы анықталды.

Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

07/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабы 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат О., автокөлігін ішімдік ішкен масаң  күйінде басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Жүргізушіге айыппұл салынды

07/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал медиация тәртібімен шешілді

07/07/2016

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

07/07/2016

Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы  Т.Жағалбаевқа қатысты банк келісім шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Өзінің талабында  келісім шарт бойынша жауапкерге 24 айға 350 000 теңге банктік несие  берілгендігін көрсеткен.

Жауапкер қарызды уақытында өтемеуіне байланысты, оның қарызы 171 852 теңгені құраған. 

ШҚО Бесқарағай аудандық сотының қаулысымен отбасының мазасын алғаны үшін жауапкершілікке тартылды

07/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,) әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы А.Сабековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО сотының қаулысымен қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

07/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) азамат Е.Горловқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Е.Горлов  қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған, сөйтіп ол өз әрекеттерімен әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды. 

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында бөлігінде (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  азамат С.Жанбубековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотымен ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

07/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Есаловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Н.Есалов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастаған, ол өз әрекеттерімен ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

ШҚО сотымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталды

07/07/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат Т.Машраповқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Абай аудандық сотында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/07/2016

Абай аудандық сотында кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «татуластыру рәсімдері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Е.Адильбеков өз сөзінде татуластыру рәсімдерінің сот өндірісіндегі маңыздылығын  және оны жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылдың осы  уақытымен салыстыра отырып,  2016 жылдың 6 айындағы медиацияны қолдану арқылы қарастырылған істер бойынша стаитистикалық мәліметтер келтірді.

ШҚО сотының қаулысымен ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

07/07/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.Құрманғалинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Р.Құрманғалин қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен есiрткi заттарын дайындап, сақтағаны үшін сотталды

07/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша В.Реддихке қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сотта, В.Реддих полиция қызметкерлерімен ұсталған, оны тінту барысында киімінде жасырылған полиэтиленді түйіншекте жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, алынғаны анықталды.

ШҚО Ұлан удандық сотының қаулысымен көлік құралын есірткілік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық соты ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқару) Е.Сатыбалдиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Е.Сатыбалдинов есірткілік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Сот қаулысымен  Е. Сатыбалдинов ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өскемен қаласының №2 сотымен билік өкілін қорлағаны үшін сотталды

07/07/2016

Өскемен қаласының  №2 сотымен ҚК-нің 378-бабы  2-бөлігімен  (жария түрде билік өкілін қорлау), ҚК-нің 379-бабы  1-бөлігі (билік өкілінің заңды талабына бағынбау), ҚК-нің 380 бабы 1-бөлігімен (билік өкiлiне күш қолдану) бойынша А.Долгихке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  шақыру бойынша келген А.Долгих полиция қызметкеріне масаң күйінде балағат сөздерді айтып,  қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату талабына  полиция қызметкеріне дене жарақатын тигізгені анықталды.

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

07/07/2016

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта А.Досалиеваға несие келісім шарты бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ-нан 36 айға 417 500 теңге несие берілгендігі анықталды. Жауапкер қарызды уақытында өтемеуіне байланысты, оның қарызы 196 936 теңгені құраған.

АПК-нің 146 бабы бойынша азаматтық іс жеңілдетілген өндіріс бойынша қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

07/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін сотқа берілген А.Литвиненкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Литвиненко Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

Алайда, А.Литвиненко Өскемен қаласында  алкогольдік масаң күйде көлік басқарып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған.