Өскемен қаласының №2 сотымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін сотқа берілген А.Литвиненкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Литвиненко Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

Алайда, А.Литвиненко Өскемен қаласында  алкогольдік масаң күйде көлік басқарып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен А.Литвиненко ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен қарастырылған  теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту  түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі