Архив событий

21/07/2016

Азаматтық іс бітімгершілік келісім бекіту арқылы қысқартылды

21/07/2016

Семей қалалық сотымен Т.Ташимовтың  «Хамир Электромонтаж» ЖШС-інен жалақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар әңгімелесу жүргізіп, бейбіт келісім бекітуді ұйғарады. Оның шартына сәйкес жауапкер белгіленген мерзімге дейін еңбек ақысын әрі өсім ақыны өтеген жағдайда талапкер өз арызынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды.

 Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

 

Жұмысқа қайта орналастырылды

21/07/2016

Көкпекті аудандық сотында Д.Карибжанованың «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының қорғаныс жөніндегі бөлімі» РММ-не жұмысқа қайта алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот мәжілісінде, талапкер Д.Карибжанова 2008 жылы  «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының қорғаныс жөніндегі бөлімі» РММ-не электронды есеп машинасының операторы лауазымына жұмысқа орналасқан, 2014 жылы жүкті болуына байланысты демалысқа шыққан, ол демалыста жүргенде талапкердің лауазымы қысқартылғандығы анықталды.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды

21/07/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотының Шар қалалық ауруханасы КМҚК-нің А.Искаковты  маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.Искаков емдеу орнында маскүнемдік жөнінде есепте тұрады,  өзі еркімен емделуден жалтарған, учаскелік инспектордың ескертуіне, басқа да алдын алу шараларына құлақ аспаған, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделеді. Маскүнемдіктің салдарынан үйінде тынышсыздық орын алған.

Зайсан аудандық сотының төрағасы брифинг өткізді

21/07/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тілшілермен брифинг өткізді.

Сот төрағасы БАҚ өкілдеріне 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сот төрелігі  бойынша атқарылған жұмыстарды  қорытындылап, статистикалық деректерді жариялады.

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін сотталды

21/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық соты ҚК-нің 188-бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтары  бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жасалған ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа берілген сегіз сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Соттағы медиация

21/07/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында неке бұзу туралы талап арыз бойынша  азаматтық іс қаралды.

Жауапкермен бірнеше жыл некеде тұрып, жауапкер ішімдікке салынып кеткендіктен талапкер сотқа некелерін бұзу туралы арызбен жүгінді. Сот ерлі-зайыптыларға татуласуға бір ай уақыт беріп, осы уақыт өткен соң  тараптар медиациялық келісімге келді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, іс өндірісі қысқартылды, ал төленген мемлекеттік баж салығы талапкерге қайтарылды.

Мүлік туралы дау медиация тәртібімен реттелді

21/07/2016

Риддер қалалық соты Л.Плешкованың В.Антроповаға пәтерді сыйлау келісімшартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа тараптар арасындағы пәтерін сыйлау туралы келісімшартын жаңылысу және жауапкермен қысым жасалуы салдарынан жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінген.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

21/07/2016

Семей қалалық соты В.Цапиннің «Хамир Электромонтаж» ЖШС-нен еңбек ақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеуге ұйғарып, жауапкер белгіленген мерзімде дейін 90 400 теңге еңбек ақы ақысын өтеп беруге, ал талапкер еңбек ақы мен өсімақыны толық көлемде өндіру туралы арызынан бас тартады.

АПК 179 бабының 4 тармағына сәйкес тараптардың өтінішімен медиация іс жүргізуші судьямен жүргізіледі. Бітімгершілік келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

21/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы)  бойынша Әзербайжан Республикасының азаматы О.Сардаровқа

Сот еңбек заңдылығын сақтауда жіберілген олқылықтарды жеке ұйғарым шығару арқылы жойғызатын болды

21/07/2016

Семей қалалық сотымен “BIZ’ON LTD”    ЖШС басшылығымен жұмысшы Е.Наливайкинаға қатысты еңбек заңдылығының бұзылғандығына орай жеке ұйғарым шығарылды.

Жеке ұйғарым жалақы және демалыс төлемдері бойынша берешекті өндіру бойынша азаматтық істі қарау барысында шығарылды. BIZ’ON LTD”  ЖШС-інде есепші ретінде қызмет атқарған талапкер Е.Наливайкина сотқа еңбекақысы толығымен төленбегендіктен еңбек демалысынан кейін жұмыстан босату туралы өтініш жазғандығын айтады. Алайда, еңбек демалысы төлемдері де төленбеген.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында медиациялық келісім бекітілді

21/07/2016

Семей қалалық сотымен еңбек ақыны өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Д.Нүрпеисов «Достар 2010» ЖШС-не қатысты арызданып, жауапкерден 2016 жылдың 26 сәуірінен 13 маусымына дейін жұмыс істеген уақытында оған еңбек ақысы төленбегенін айтады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде  реттеу туралы келісімге келді. Оның шарты бойынша жауапкер белгіленген мерзімге дейін 35 483 теңге көлеміндегі еңбек ақыны өтеп, ал талапкер арыз талаптарынан және өсімпұлдан бас тартады.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

21/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған Р.Коноваловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.