Архив событий

15/07/2016

ШҚО Глубокое аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/07/2016

Глубокое аудандық сотында ҚК 188 бабы, 2 бөлігі, 1,3 тармағы  (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қоймаға заңсыз кiріп бөтеннің мүлкін ұрлау, жасырын жымқыру) бойынша А.Саулинге, Д.Оразаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сотталғандар алдын ала сөз байласуымен жәбірленушінің қоймасына кіріп жалпы сомасы 46 000 теңгені құрайтын  матариалдық құндылықтарды ұрлап, қылмыс орнынан жасырынып қалғандары анықталды.

Өскемен қаласының №2 сотымен ұрлық жасауға оқталғаны үшін сотталды

15/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағы,  24 бабы 3 бөлігі  (ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған) бойынша А.Дель, А.Бражниковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, ӨҚ-ның ТМК АҚ-да А.Дель, А.Бражников барлығы 181 178 теңгені құрайтын 2 келте мен 2 тіреуішті ұрлағаны анықталды. Кәсіпорынның аумағынан ұрланған заттарды шығаруға оқталған  кезде БӨП күзетімен ұсталған.

ШҚО Ұлан аудандық сотында баспасөз-мәжілісі өткізілді

15/07/2016

Ұлан аудандық сотының төрағасы М.Халмурзаев 2016 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша баспасөз-мәжілісін өткізді.

Бұл іс-шараға кеңсе меңгерушісі Н.Қисықова, бас мамандар Р.Чамакаев, А.Ғайсина, жетекші мамандар Е.Жомартова, Н.Сатпаева, «Ұлан таны» газетінің журналисті Н.Қабышева қатысты.

Сот төрағасы 2016 жылы 1-жарты жылдық сот жұмысын қорытындылай келе, қылмыстық,  азаматтық,  әкімшілік істердің қаралуының статистикалық мәліметтері және сот  жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар жөнінде айтып өтті.

Неке медиация тәртібімен сақталды

15/07/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын  айтып, көрсеткен.

Сотта тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

ШҚО Аягөз аудандық сотымен көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін кінәлі деп танылды

15/07/2016

Аягөз аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 4-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) азамат Б.Акимжановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, жүргізуші Б.Акимжанов автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарғандығы, оның осы іс әрекеттерді әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін 1 жыл ішінде қайталап жасағандығы анықталған.

Риддер қалалық сотында «Қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны» тақырыбында семинар өткізілді

15/07/2016

Риддер қалалық сотында «Тілдерді оқыту орталығының» дәріскері Қ.Садыкованың қатысуымен кеңсе мамандарына «Қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны» тақырыбына семинар өткізілді.

Қ.Садыкова шарада болашақта мемлекеттік тілдің құқықтық негіздері, қоғамдағы, оның ішінде мемлекеттік мекемелердегі орны мен мәртебесі туралы айтып өтті. Бағдарламамен белгіленген «Қазтест» мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлерде меңгеру көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен дене жарақатын келтіргені үшін сотталды

15/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша Т.Сапашевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, Т.Сапашев алкогольдік ішімдік ішу барысында туындаған жанжал кезінде, бауырының желкесінен соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіргендігі анықталды.

Соттың үкімімен Т.Сапашев денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған жылына екі жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен қатар, 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

ШҚО Риддер қалалық сотының төрағасы 2016 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылау бойынша халықпен кездесу өткізді

15/07/2016

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев қала тұрғындарымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау бойынша  кездесу өткізді.

Сот төрағасы баяндамасында сот жүйесіндегі оң өзгерістер, олардың ішінде жаңа технологияларды қолдану, сонымен қатар, сот қызметінің ашықтық, колжетімділік сияқты қағидаттарының қатаң сақталуы –  азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сотпен қорғалуына арналғандығы жөнінде айтып өтті.

ШҚО Үржар аудандық сотында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ санкцияланды

15/07/2016

Үржар аудандық соты ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігі (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша күдіктіге қатысты үйқамаққа алу туралы бұлтартпау шарасын  санкциялады.

Тонау әрекеттерін жасаған үшін сотталды

15/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 191бабы 2 бөлігі 3 тармағы  (тонау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған) бойынша Е.Тюлькинға, А.Моисеевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, Е.Тюлькин мен А.Моисеев жәбірленушімен алкогольдік ішімдік ішу барысында, жәбірленушінің велосипедін ұрлағандығы анықталды.

ШҚО Аягөз аудандық сотымен алты жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

15/07/2016

Аягөз аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқара отырып, мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер жасап, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) азамат Е. Қабдолинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қаласының тұрғынымен 10 эпизодты ұрлық жасалған

15/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 2,3 тармағы  (ұрлық, бiрнеше рет тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған) бойынша А.Күзбековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, А.Күзбековтың ақшалай, заттай 10 эпизодты ұрлық жасағаны анықталды.  Дәмхана,  дүкен, сұлулық салоны және т.б. жерлерде қылмыс жасалған.

Автокөлікті масаң күйінде басқарғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

15/07/2016

Үржар аудандық соты ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Е.Базарбаев  көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азамат бола тұра, алкогольдік масаң күйінде автокөлікті басқарған.